Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Кім тәуекелге барса, сол сот шығынын төлейді

Тіпті 300 жылдық банк мәдениеті бар американдықтардың өзі қаржы жөнінде аса сауатты емес. Ол жақта да несие картасын дебет картасы деп санайтын, қарызға белшеден бату қаншалықты қауіпті екенін білмейтін адамдар бар. Қазақстандықтар да барынша дамуға және қорғануға ұмтылуда. Объективті тәуекелдерден – мұнайдың, жылжымайтын мүліктің бағасының арзандауынан, теңге бағамының әлсіреуінен сақтану керек екенін түсінеді. Соңғы уақытта банктер мен жолы болмайтын қарыз алушылардың арасында келіссөздер жиілеп кетті, мемлекет те қатысып жүр. Банктерден қорғану керек пе?

Иллюстрация: hameaudemavarin.com

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 9-сабақ. Қарызды қайта құрылымдау

Кеше достарыма кірдім, банк қызметі туралы жазып жүргенімді айтқанымда, олар күліп жіберді.

- Біз Обаманың отбасына ұқсаймыз ба?

- Сендер әдемірексіңдер. Маған ұнайсыңдар.

- Кеше мейрамханада кешкі ас іштік. Менің картамен төлегім келді, ал даяшы оны қайтарып берді. «Кассада өтпеді», – деді. «Ал жақын жерде банкомат бар ма? – деп сұрадым. «Білмеймін», – деді ол. Мен Гауһарға: «Өзіңдікін берші, сенікі басқа банктікі ғой», – деп едім. Ал ол маған: «Мен не, Мишель Обамамын ба? Еркек үшін төлемеймін!» Кездейсоқ таныстарымыз кездесіп қалғаны қандай жақсы болды. Оның үстіне бізден 10 жас үлкен. Әйелім жылдам өз картасын берді де, бұл транзакция өтті.

- Не болған еді? Банкке телефон соқтың ба?

- Асқар Барак Обама сияқты жарты жылда бір рет қана картамен төлейді, – деп түйреп өтті Гауһар.

Ұлттық Банк қорғауға уәкілетті

Түсінгендеріңіздей, қаржылық жағымсыз жағдайлардан әйеліңіз қорғай алады. Ата-атаңыз да қорғай алады. «Әкем ең қатаң ережелерді ұстанатын еді: он сегіз жасымызға дейін бізге несие карталарын пайдалануға тыйым салды», – дейді американдық реалити-шоу жұлдызы әрі ақсүйек әйел Ким Кардашьян. ҚР Ұлттық Банкі де көмектесе алады.

Егер азаматқа көмек керек болса, http://www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөліміндегі кеңестерге назар аударған жөн. Онда банк және сақтандыру омбудсманының, Ұлттық Банк филиалдарының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімдерінің байланыс деректері, Қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс деректері бар.

Алматыдағы Әйтеке би к-сі, 67 (тел.: (727) 2 619-213) мекенжайындағы Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесікүн сайын сағат 10-ден 17-ге дейін жұмыс істейді. Оның құзыретіне қаржылық қызметті тұтынушылардың шағымдарын қарау, қаржылық сауаттылық және қаржылық өнімдерді бір үлгіге салу мәселелері кіреді. Онда банк мәселелері жөнінде тегін кеңес беріледі, өтініштерді қабылдап, олардың қаралуын қамтамасыз етеді.

Бұл жерде, сайтта – несие мен депозит бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (СЖТМ), ықтимал қарыз алушының бюджетін есептейтін онлайн калькуляторлар және дифференциаланған және аннуитеттік төлем әдістерімен ай сайынғы төлем кестесі бар.

Сайтта Ұлттық Банкке беретін өтініштің үлгісі бар. Мысалы, Ұлттық Банк немесе Қазақстанның барлық облыс орталықтарындағы оның филиалдары банктік қызметті тұтынушының құқықтарын сақтандыру шарттарын жасасуға мәжбүрлеу және сақтандыру немесе бағалау ұйымдарын таңдауға шектеу қою, СЖТМ мөлшерін есептеу дұрыстығы, кепілдерді соттан тыс өткізу тәртібін сақтау мәселелері және басқалары бойынша қорғайды. Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі жеке кәсіпкерлерге түсіндірмелер, мысалы, pos-терминалдар орнату және мерзімін өткізгені үшін тұрақсыздық айыбының мөлшерін шектеу жөнінде түсіндірмелер береді.

3 тоқсанда Ұлттық Банкке 1160 азамат өтініш білдірді. Барлық дерлік өтініштер қаралды. 12 азаматтыңғана өтініштерін қараудан бас тартылды немесе тоқтатылды, 61 азаматтыңөтініштері басқа ұйымдарға қайта жолданды.

Қайта құрылымдау ма, әлде сот па?

ТМД үшін орташа деректер бойынша, омбудсманға өтініштердің 90% берешектерді қайта құрылымдауды сұрауға байланысты.

Банк омбудсманы – тәуелсіз жеке тұлға, ол ипотека қарыз алушыларының банктермен келіспеушіліктерін ақысыз реттейді: олармен сотқа дейінгі тәртіппен кездеседі, қарыз алушыға сомасы 25000 АЕК-тен аспауы тиіс несие бойынша төлем талаптарын өзгертуді ұсынады, ортақ шешім қабылдауға көмек көрсетеді. Егер қарыз алушы оны қабылдаса, оның қабылдаған шешімі банк үшін міндетті. Егер қарыз алушы немесе банк келіспесе, олар сотқа жүгінуге құқылы. Бірақ омбудсманның міндеті – іс жүзінде азаматтардың сотта өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінің аздығының орнын толтырып, банктердің клиенттерін қорғау.

Қарыз алушы несиені өтеуге қабілетсіз болғанда борышты қайта қаржыландыру қолданылады. Ол қарыз алушыға төлем мөлшерін, несие мерзімін, несие валютасын өзгертуге, борышты меншіктегі үлеске айырбастауға немесе оның бөлігін есептен шығаруға мүмкіндік береді. Қарыз алушыға «несие демалысын» беруі, бірнеше несиені бір несиеге біріктіруі, қарыз бойынша мөлшерлемені азайтуы мүмкін.

Проблемалы несиелермен жұмыс жүргізетін бөлімшелер мен бағдарламалар барлық банктерде жоқ, сонымен қатар қайта құрылымдау мүмкіндігі туралы да барлығы хабарлай бермейді. Банкирлер конвейер болған кезде автомобильдерді қолдан жинау сияқты, өздері үшін қайта құрылымдау қымбат және тиімсіз дейді. Көптеген қарыз алушылар несие бойынша төлем жасауға да асықпайды, өндіріп алғанға дейін созып жүре береді.

Сондықтан банктер қайта құрылымдауды жөн көрмейді, бірақ солай істейді, өйткені бұл – мерзімді өткізіп алмай, резерв есептелместен әрі шығынсыз, олар бойынша ұзақ соттаспай әрі шығынсыз ебін табуға мүмкіндік. Әдетте банктер өсімпұл мен айыппұлды есептен шығарады, бірақ борыштың негізгі сомасын азайтпайды.

Қарыз алушы болса беделінен айырылуы мүмкін. Қайта құрылымдаудан кейін несиелеу мүмкін емес немесе қымбатқа түседі.

Қайта құрылымдауға өтінімді қарау рәсімі несие беруге өтінімді қарау сияқты. Қайта құрылымдау туралы шешімді әдетте несие комитеті қабылдайды, бұл ұзақ. Бұған негіз керек – жұмыстан шығып қалу, табысының азаюы, созылмалы аурудың пайда болуы, мүгедектік тағайындау, баланың дүниеге келуі, әскерге шақыру, бас бостандығынан айыру орындарында болу және басқасы. Қайта құрылымдайтын күні төлем мерзімі өткізілмеген болуы керек, алайда кейде мерзімі өткізілген борышты да қайта құрылымдайды.

Қайта құрылымдаудың артықшылығы тегін екендігінде, ипотекалық несие алған кезде ғана қарыз алушы кепіл шартына қосымша келісімге қол қою шығындарын көтере алады. Кемшілігі – валюталық қарызды теңгедегі қарызға аударудан және пайыз бойынша демалыс беруден басқа несие бойынша артық төлемнің көбеюі.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер