Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Отбасылық бюджетті түзету

Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының зерттеуінің нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 63%-ында ақша жалақыға бірнеше күн қалғанда таусыла бастайды. Бұл ретте олардың 60% үнемдейді, 48% туыстарынан көмек сұрайды. Бұл ретте азаматтардың 38% кірісі мен шығынының есебін жүргізбейді. Мүмкін, есеп жүргізіп көру керек шығар?

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 5-сабақ. Отбасылық бюджет

Төрт жылдай бұрын екі құрбыммен және олардың біреуінің 5 жасар ұлымен мен Канар аралдарына бардым. Алматы-Франкфурт-Тенерифеге ұшып келдік, міне, біз мұхиттың жағалауындамыз. Бізде екі бөлмелі апартаменттер: екі жатын бөлме, қонақ бөлме, тоңазытқышы, плитасы, кофе қайнатқышы, блендері бар кішкентай асүй, тенті және жататын орындықтары бар үлкен балкон. Түскі асты, кейде таңғы асты кафеден ішетінбіз. Жергілікті тамаша шараппен кешкі асты «үйде», балконда іштік.

Клубтық демалыс таңдауымен жақсы. Ұлымен демалып жатқан құрбымыз Айман апартаменттердің иесі және кәсібі мен қабілеті бойынша есепші болды. Ақшамыз тақыл-тұқыл болғандықтан, ол күнде кешке салат пен виноның арасында 5-10 минуттың ішінде біздің жұмсаған ақшамызды «түгендеп», есеп беріп тұрды. Біз толық төрт күндік экскурсия сатып алдық, көршілес Лос Аламос қаласына бір-екі рет шопинг жасауға және фламенко театрына бардық.

Ол дерек €200 «кездейсоқ жағдайға» қалдырып қойды. Керемет демалдық! Қайтатын кезде ол маған қордан €50 берді, мен Алматыға емес, Новосибирскіге ұшып баратын болдым және 6-7 сағаттай Франкфурт әуежайында болуым керек. Қайтып келгеннен кейін бізде жиынтығы €22 қалыпты.

Қазақстандықтардың басым бөлігі өзін орта топқа жатқызады, бұл – шамамен экономикалық жағынан белсенді халықтың жартысы. Әртүрлі зерттеулердің деректері бойынша өзін орта топқа жатқызатындардың арасында көбінесе зияткерлік қызмет атқаратын жұмыскерлер: мамандар, менеджерлер, қызметкерлер, бөлім бастықтары, топ-менеджмент өкілдері, орташа компаниялардың басшылары бар. 180 мың теңгеге дейінгі ай сайынғы кіріс көбінде бар, айына 270 мың теңгеден басталатын кіріс халықтың аз бөлігінде. Әжептәуір білім және орташа кіріс отбасылық бюджетті алды-артын байқап жүргізуге міндеттейді. Өзіңіздің алдыңызға ақшаны орынды бөлу, шығындарға тиімді есеп жүргізу міндетін қойыңыз.

Отбасылық бюджетті қалай жоспарлау керек? Отбасының мұқтаждығы тек тапқан ақшамен ғана емес, жұмсалған күшпен де қанағаттандырылатыны түсінікті. Бюджетке қосатын үлес немесе мұқтаждықты қанағаттандыру әртүрлі болуы мүмкін. Біреу ыдыс жуу арқылы, ал енді біреу Украинада кеңес беру арқылы үлесін қосады. Біреу сағаттық белдеулердің ауысуын оңай көтерсе, енді біреу бүлк етпестен мысықтың артынан ыдысты жинайды.

Сапардан келген соң мен компьютерде Exel кестесін ашып, кіріс пен шығынды есептей бастадым:

ШЫҒЫН 1 2 3 4 5 6 7 Әр күнге т.с.с. Бір айға жоспар Бір айда нақты
ПӘТЕР
ИВЦ
телефон, интернет
ұялы байланыс
саяжай
тұрмыстық химия
ГАРДЕРОБ
киім
аяқкиім
аксессуарлар
үй үшін
киім/аяқкиім жөндеу
ТАМАҚТАНУ
азық-түлік, түскі ас, шарап
ДЕНСАУЛЫҚ
дәрі-дәрмек, емделу
шаш, тері күтімі
ДЕМАЛЫС
концерттер
сыйлықтар
кафе
сапар
рухани өмір
фитнес
КӨЛІК
ЖИЫНТЫҒЫ
КІРІС

Екі аптадан соң көп нәрсе айқындалды. Үй бухгалтериясы тәртіпке үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар дәлел-себеп болады. Шығынды көресің, сонымен қатар қалдықты да, ірі зат сатып алатын қаражатты да көресің. Ұлыңа көрсетесің, ол да өз бюджетін бақылап отыруға үйренеді. Тағы бір айдан соң демалыс уақытында саяхаттың ақысын төлеуге болатынын анық білетін боласың, әуе билетін сатып алып, жаздағы рақаттануды алдын ала сезінесің. Бастысы, бұл сенің әбден өлшеп-пішкен шешімің екенін түсінесің.

Отбасы бюджетінің тапшылығы

Отбасы кірісінде әртүрлі кіріс көздері: тікелей салықтарды «шегергенде» жалақы, рента, әлеуметтік төлем ескеріледі.

Отбасы бюджетінің тапшылығының бір себебі – тауар жарнамасы мен маркетингі. Ретейл компаниялары өздерінің инквизиторлық құралдарын епті пайдалануда. Жете шыңдалмаған қазақстандықтар кезекті сәнді бір ойыншықты көріп қалса, «ал менің (баламның) қай жерім кем?» деп қиналады. Сөйтіп, қажеті жоқ немесе өз бюджеттері үшін аса қымбат заттарды сатып алады.

Басқа да себептер бар. Жағдайды өзгерту маңызды. Ең бірінші кезекте көптеген отбасылардың өз шығындарын белгілеп, тым болмаса бір ай алдын ала ағымдағы кірісі мен шығынын жоспарлап көргені жөн. Бұл бюджеті тапшы отбасына барлық ағымдағы шығынын анық түсініп, қажет болған кезде оны қайта бөлуге мүмкіндік береді. Дегенмен, бюджеті артылатын отбасында бұл табыс тауып жүрген адамның жүгін азайтып, көп уақытын балаларымен өткізуге мүмкіндік береді.

Бюджет тапшылығы мәселесін бірнеше тәсілмен шешуге болады.

Бірінші тәсіл, анық – қосымша табыс табу: интернетте немесе демалыс күндері ақшаға терезе жуу, жұмыстан кейін розеткалар жөндеу, тапсырыс бойынша торт пісіру. Яғни қолыңыздан бәрінен де жақсы келетін және аса қиын көрінбейтін іспен айналысу.

Екінші тәсіл – үнем: оларсыз-ақ ебін табуға болатын шығынға жол бермеу, мысалы, киноға бұрынғы және арзанырақ сеанстарына бару, бюджеттік кафелерге бару, үйде тамақ пісіру. Бірақ қосымша табыс тапқан одан да жақсы. Сондықтан мәселелерді шешу – отбасылардың өз қолында. Бастысы: қалау және орындау.

Психологиялық өзгешелік. Егер сіз материалдық заттар емес, эмоция үшін төлесеңіз, ақша көбірек рақат сыйлайды. Заттар құнсызданады. Әдетте сатып алынған зат келесі күні-ақ әлдеқайда арзанырақ тұрады. Ал эмоциялар, саяхаттарды, концерттерді, жақындарыңызға сыйлықтарды еске алу туралы уақыт өте келе қымбат болмақ.

Шопинг өзгешелігі. Заттың нұсқалары барынша аз болған кезде адамдар өздерін жақсы сезінеді деп санайды психологтар. Макдоналдстағыдай зат сатып алған кезде «қателік» жасауға және түңілуге себеп аз болады. Жақсы нұсқасын тауып, сатып алыңыз және… жан-жағыңызға алаңдамаңыз.

«Тап осы жерде және дәл қазір» қаржы стратегиясы

Ақшаның құнсыздануы жоғары болып тұрған және теңгенің валюталық бағамы төмендеп отырған бүгінгі таңда қаржы стратегиясын қалай құруға болады? Белді бекем буу керек пе? Қай мерзімге?

Бұл жерде қатаң түрде жеке жұмыс жасау талап етіледі. Барлық отбасы әртүрлі, барлығының кірісі әртүрлі, әртүрлі жағдайларда өмір сүруде. Егер отбасында тұрғын үй болмаса, қазір оны сатып алуға жақсы уақыт болуы мүмкін. Тұрғын үй бағасы қымбаттап жатқан жоқ, демек, ақшаның құнсыздануын ескергенде арзандайды.

Көптеген аймақтарда пәтерлер мен үйлер азық-түліктің, гаджеттердің және басқасының бағаларының қымбаттауына қатысты алғанда арзандап жатыр. Ипотекаға пайыз өспей тұрғанда тұрғын үй сатып алуға несие алуға болады. Ақшаны тұрғын үйге салып, оны сақтауға мүмкіндік бар.

Банктер сенімді. Егер барлығы айтарлықтай сәтті болса, ақшаны ірі банктерде және ҚДКҚ кепілдіктері қолданылатын банктерде депозиттерде ұстауға болады. Қазір депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер де жоғары: теңгеде – 10,5% және валютада – 4,1%.

Акциялар, облигациялар – бұл болжам жасау жағынан қиынырақ. Одан да ұзақ пайдаланатын тауарлар сатып алыңыз. Егер сіз автомобильге ақша жинасаңыз, сатып алыңыз. Банктер 13,5-14% мөлшерлемемен автонесиелер ұсынып жатыр және бұл тиімді.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер