Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Банктік салым – ғажайып нәрсеге жақсы инвестиция

Бос қаражат әрдайым емес, бірақ бәрінде бар екені түсінікті, – деп мойындайды республикалық зерттеу барысында сұралғандардың барлығы. Бұл ретте адамдардың үштен екі бөлігі жалақыдан келесі жалақыға дейін ақшасын жеткізе алмайды, бірақ әрбір үшінші адам кірісі мен шығынының есебін жүргізбейді. Ақша таусылып қалса, үнемдей бастайды немесе жақындарынан көмек сұрайды. Жартысына жуығы бос ақшаны үйінде сақтайды, 20% зат сатып алуға жұмсайды, 7% жалақылық картада қалдырады және 6% ғана депозитке орналастырады. Сұралғандардың бір бөлігі тіпті ақшамен не істеу керектігін білмейді.

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 3-сабақ. Депозит

Мақсат қоямын

- Ақшаны оңай жұмсауға болатындай мөлшерде болғанын жақсы көремін, – дейді бір таныс актер. – Ақша болмаған кездерім есімде, әлі ұмытқан жоқпын, кейде тағы да болмай қалса ше? деп ойлап қоямын. Бірақ ақша жинай алмаймын. Қандай да бір керексіз зат сатып алуым мүмкін, бірақ жиі емес әрі қымбат емес. Мен бизнесмен емеспін, бұл айдан анық. Ақылмен ақшаны қайда салған дұрыс? Білесіз бе, мен бұл елде ақылмен ақша салғаным жоқ. Егер кенеттен қомақты ақша пайда бола қалса, мен кейбір адамдарға қол ұшын созар едім, солай істегім келеді. Енді, білмеймін, неғұрлым қымбат сыйлықтар сыйлар едім.  

- Сенің дарыныңмен ақша туралы ойланбасаң да болады, – деп міңгірледім мен.

- Ақша жинау? Ал егер онсыз да ақша жетпесе ше? – деп түсінбейді құрбым.

- Ал егер ойланып көрсе ше? Есептеп көрсе ше?

Мәселені талдау үшін бүкіл айда жұмсаған әр теңгені мұқият жазып отыру керек дейді мамандар. Міне, енді түсінікті болды: «сыйлықтарға» көптеу жұмсалған сияқты – қысқартуға болады, «рухани өмірге» – аздау, көбейтуге болады... Stop.

Психологтар мен маркетологтар сол үшін өзіңіздің ережеңізді ауыстыратын «жүлдені» анықтап алуға кеңес береді. Үйреншікті кеңес: өзіңіздің арманыңызды – түрлі түсті сурет салу немесе журналдардан қиып алу: Сен-Барт аралы, яхталар, виллалар мен автомобильдер, міне, сіз «Абай» операсының премьерасында атақты брендтің әшекей бұйымдарын тағып келдіңіз, міне, сіз дұрыс киінгенсіз және сізді кәсіби фотограф суретке түсірді.

Бастысы – ақшаны не үшін жинағыңыз келетінін, сіз не үшін шыдауға және азды қанағат етуге дайын екеніңізді түсіну. Жай ғана «қиын күнге» ақша жинау ынталандырмайды. Десек те, бірінші оңайырақ мақсатты таңдау керек. Мысалы, ұлыңыз үшін ағылшын тілі курсы.  

Дүкендерге көңіл көтеру үшін, әсіресе енді ғана ақша алған кезде бармаңыз. Ойланбай зат сатып алу қаупі бар. Зат сатып алуды жоспарлағанда «баға – сапа» арақатынасы ең сапалы тауарды сатып алу үшін алдын ала басқа жерлердегі бағаны біліп алыңыз. Қалтаңыз көтере алатын затты сатып алыңыз, жарнамаға елікпеңіз. Жаңа гаджеттерді байқап сатып алыңыз. Олар тез ескіреді!

Телевизор мен әлеуметтік желілерден бас көтеріңіз. Достарыңызбен «шын өмірде» араласыңыз. Қосымша кіріс көзін табыңыз. Әрине, еңбектенуге, жаңа бір нәрсені білуге және оны жасауға тура келеді. Бұл сәттілік жолы, сол сияқты қателіктердің де жолы. Бірақ қорықпаңыз, алға қарай ұмтылыңыз! Тапқан барлық қосымша ақшаны дереу депозитке салып қойған жөн. Қызмет өрісін кеңейтуге болады. Кейде ақша табу үшін ақша салу керек болады. Бірақ артық тәуекелге бармаңыз. Өзіңіздің кез келген қадамыңызды  таразылаңыз. 

Денсаулығыңызды ойлаңыз. Арманыңыз орындалғанда бақытқа да күш қалуы керек.

Сіз инвесторсыз

Егер 7-8 жылдан кейін сатып алатын қымбат затқа ақша жинап жатсаңыз, инвестициялық алтын монеталар немесе өзіңіз жақсы білетін және кейін тез әрі тиімді сатып жібере алатындай бір затты сатып алу жайлы ойланып көріңіз.

Аз сомамен ақша жинау – онша дұрыс емес. Жинау кезеңі ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Нәтижесі көз ұшында тұрғанын көріп тұрған кезде ақша жинаған қызықты. Экономистер іс жүзінде кірісінің 10%-ын әрбір адам жинай алатынын есептеді. Бұл – кейіннен көрнекті нәтиже беретін сома. Одан көп сомадан да жинауға болады. Дегенмен кірісіңіз оған мүмкіндік бермесе, аз сомадан бастаңыз. Ең бастысы – бастау. Депозитті бір сомаға толтырып отыру міндетті емес, оның шамасы кіріс пен ағымдағы қажеттіліктерге қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Ақша жинаудың мәні – жүйелілік.

Депозит пен банкті таңдаңыз. Өзіңізді инвестор сияқты ұстаңыз. Өйткені сіз тек қана ақша жинап қоймай, өзіңіздің жиналған ақшаңыздан кіріс алғыңыз келеді ғой. Депозиттің әжептәуір пайызы болу керек: қазір депозиттің теңгедегі мөлшерлемесі – 10,5%, долларда – 4,1%. Жоғары мөлшерлемемен бірге банктің клиенттің алдындағы міндеттемелері мен кепілдіктері қоса берілуі керек. Банкке өз ақшаңызды сеніп тапсыра отырып, сіздің қажет болғанда жинаған ақшаңызды банктен ала алатыныңызға сенімді болуға құқығыңыз бар. Банк сізді – өзінің клиентін бағалап, лайықты бағаға сапасы жоғары қызметті ұсынуы керек. Депозиттер, несиелер, аударымдар, жеңілдіктер мен бонустар туралы ақпаратты жылдам әрі оңай таба алу үшін Банкте сіз үшін қолжетімді әрі қолайлы сайт болу керек. Сіздің банктің рейтингтері мен көрсеткіштері жақсы болуы керек.

Сіздің салымыңыз сақтандырылған

Көптеген банктердің сенімділігін мемлекет нығайта түседі. Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң бойынша ислам банктерін қоспағанда, Қазақстанда жұмыс істейтін және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға лицензиясы бар барлық банктер депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіруге міндетті. Осындай банктердегі жеке тұлғалардың барлық салымдарына кепілдік берілген. Бір банк бойынша бір салымшыға кепілдікті өтеудің ең көп сомасы – 5 млн теңгені немесе оның валютадағы баламасын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру (сақтандыру) қоры (ҚДКҚ) береді.

Алайда, республикалық зерттеуге қарағанда, сұралғандардың жартысына жуығы депозиттерге кепілдік берілгені жайында білмейді. Маңғыстау облысында банкпен бірдеңе бола қалған жағдайда, салымшылардың ақшасының «күйіп кетпейтінін» – ҚДКҚ оны қайтарып беретінін сұралғандардың 87%, Қызылора облысында – 78%, Атырау облысында – 62% білмейді. Ал 5 млн теңгеге дейін барлық ақшаны төлеп беретіні жайлы сұралғандардың тек 6% ғана білетін болып шықты!

Депозиттер бастапқы жарнаның мөлшерімен, сақтау мерзімдерімен, пайызды есептеу тәсілдерімен, қаражатты алу және салымды толтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Бірақ сіз өзіңізде жұмсалмайтын қор болғанын қалайсыз ғой. Салымдарыңыздың бір жылдан артық ұзақ мерзімін және оларды мерзімінен бұрын алмайтыныңызды ескере отырып таңдау жасаңыз, ал банк сізге мөлшерлемесі жоғары салым ашуы керек. Таңдауды жалғастырыңыз: интернет арқылы өз бетіңізше ашуға және толтыруға, сіздің өтінішіңіз бойынша әр жалақыдан автоматты түрде толтыруға болатын депозит.

Сауатты салымшылар ақшаны өздері табыс табатын валютада жинайды. Бірақ тәуекелдерді азайту және валюталық бағамға барынша тәуелді болмау үшін салымды теңгемен де, доллармен де ұстауға болады.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер