Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Отбасы бюджетін кім басқаруы керек?

Ақша мен билік – ер адамдар үшін ең күшті екі афродизиак. Сондықтан қазақстандық отбасыларында дәстүрлі түрде «көп» ақшаны ер адамдар, ал әйелдер бюджеттің аз бөлігін басқарады.

Фото: wordpress.com

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 6-сабақ. Ақша бақытқа айырбасталады

Мен әңгімелескен алматылықтардың барлығы қалыпты өмір сүру үшін отбасы бюджетін жоспарлап, ақша санай білу керек деп сенеді. Қазақстанның қаржы астанасының тұрғындары! Таныстарымның барлығы дерлік жақсы ақша таба білетін адамдарды сыйлайды, оларды ең ақылды адамдар деп санайды. Сонымен қатар жастардың арасында мұндай адамдар тіпті көбірек, олар да өздері үшін қандай да бір мүмкіндіктер бар екенін көріп, дәулетті болғысы келеді. Оған қарсы болуға бола ма?

Үлкен бір мәселеден емес, тұрмыстағы мыңдаған ұсақ-түйек нәрселерге бола үнемі алаңдап жүруден көңілі толмаушылық сезімі пайда болатын көптеген ер адамдардың қалай «тұрақты күйзеліс» кешетінін білсең ғой.

- Ер адамдар мұны маңызды нәрсе ретінде қабылдамайды. Бұл бекер, – деп түсіндірді маған танысым, психолог әрі психотерапевт Кира. – Олар бұл түкке тұрмайтын нәрсе деп ойлауы мүмкін, бірақ бір түкке тұрмайтын нәрсе екіншісіне ұласып, бір күні денсаулық қатты сыр беруі мүмкін. Коммуналдық қызмет ақысын уақытында төлемеу, машинаның әйнегіне сызат түсуі, ақшаның тез жұмсалып кетуі – мұндай мәселелер жиналып, нәтижесінде ұлтабардың ойық жарасы пайда болады. Отбасы мен жауапты жұмысы бар ересек ер адамдарға тән ауру. Сананы тазартып, мәселелерді анықтап алып, тез шешу керек. Егер қандай да бір мәселелер шешілмесе, шешілмей қалсын. Ең бастысы, дегбірсізденуді доғару керек. Өзіңізге мүлде көп уәде бермеңіз. Орындамасаңыз, бұл – басы артық күйзеліс.

Көріп отырғаныңыздай, ақша денсаулыққа айырбасталады. Тікелей емес, әрине…

Тұрмысқа жұмсалатын ақшаны әйел басқарады

Ақша ерлі-зайыптылардың арасында жиі ұрыс-керістің себебі болып жатады. Біреуі екіншісін отбасын қамту үшін жеткілікті ақша таппайды деп санайды немесе ерлі-зайыптылар отбасы бюджетін бөлісе алмай жатады. Барлығы бір арнаға тоғысып жатқан сияқты, бірақ ақша жұмсауға келгенде кейде ажырасумен аяқталып жататын келіспеушіліктер туындайды. Некенің өзі шығынды көбейтіп қана қоймайды, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына жеке шығындарды азайтады. Есесіне мансап баспалдағымен  көтерілуге мәжбүрлейді.

Шығын мен кірісті бақылай отырып, бюджетті бірлесіп жүргізу деген – сізге таныс дүние. Көптеген отбасыларда бұған әйел жауап береді. Бір-екі айдағы жазбалардың өзі тұрмыста ақшаны қалыпты жұмсайтыныңызды, тек жазда ата-анаңызға барынша көмектескеніңізді көрсетті. Сіз ақша алып қойып отыруды бастадыңыз, көптен бері бар қарызыңызды қайтардыңыз. Сізге енді ерекше жинақы әрі нәтижелі әрекет ететін адамдар ғана ұйымдасқан түрде әрі тиімді өмір сүре алатындай көрінбейді.

Отбасы бюджетінің 10% «қыздармен кафеде отырдық», «балам жаңа ойыншық алуымды сұрады», «мен рөлді ережені бұзбай бұрдым, білмеймін, ол қайдан тап болды», «жарайды, тағы бір тостаған сыра» немесе «мен әмиянымды жай ғана машинаға қалдырып кеттім, ал ол жоқ болып кетті» деген сияқты жағдайларға кетуі мүмкін. Бұл сіздің өте жинақы адам екеніңізді көрсетпейді, бірақ экономистер мұны толығымен төзуге боларлық жағдай деп санайды. Ал егер қолыңызға кезекті бір сөмкені әр алған сайын оны сондай сатып алғыңыз келсе, бұдан отбасы бюджеті әрқашан азайып отыратын болса, бутиктерді алыстан айналып өтіңіз.

Қазақстанда 2-3 адамнан тұратын отбасында азық-түлікке жұмсалатын бюджет айына 35- 60 мың теңгені құрайды. Бұл көп пе, аз ба? Сіздің отбасыңыз осы топқа жата ма? Бұл сұрақтарға сіз ғана жауап бересіз.

80-ші жылдардан айырмашылығы, қазір адамның қолы жетпейтін тауар жоқ. Бірақ қоғам өзін жайлы сезінетін шығынның белгілі бір деңгейі бар. Еуропада былай: отбасы бюджетінде шығынның 20% тамақтануға жұмсалады. Адамдар отбасы бюджетінң жартысын тамаққа жұмсайтын болса, олар базарларды аралап, ең арзанын іздейді, тамаққа 35% кетсе, оларға жайлы, бірақ олар арзанырақ дүкендерді іздейді. Ал азық-түлікке 20%жұмсаған кезде олар бағасына үңіліп қарауды қояды. Қазақстан осы деңгейге ұмтылуы керек.

Ақшаны қайда салатынын ер адам өзі шешеді

Ер адамдар үшін ең күшті екі афродизиак – ақша мен билік деп саналады. Ер адамдар көп ақшаны және маңызды міндеттерді дұрыс көреді. Алдағы жылдарға ақша салып отыру – олардың стихиясы.

Жылжымайтын мүлікке ақша салып отыру – классика. Дегенмен қаржыгерлер бұл үрдіске де байыппен қарауға кеңес береді. Мысалы, объектінің болашағы мен қайта сатқан кездегі өтімділігі туралы ойланбастан, пәтер мен үйді бір көргеннен ұнатып қалмау керек.

Ипотека алуды жоспарлағанда нақты мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін отбасы бюджетін мұқият есептеп шығыңыз. Егер отбасыңыз бір-екі жылдан соң үлкеюі мүмкін болса, шағын пәтерді несиеге сатып алмаңыз. Өйткені осы бір-екі жылда пәтер сатып алу шығындары шаршы метр құнының өсуінен елеулі түрде артуы мүмкін. Сонымен бірге салық шығындары да көбеюі мүмкін.

Жылжымайтын мүлікті таңдаған кезде және мәмілеге дайындалған кезде барлық қосалқы шығындарды ескеру керек. Мысалы, белгілі апартаменттер немесе таунхаустар пайдалануда адам айтқысыз қымбат болып шығуы мүмкін. Жылжымайтын мүліктің тобы сіздің нақты бюджетіңізге және өмір сүру деңгейіңізге сәйкес келуі керек.

Егер сіз жылжымайтын мүлікке еркін қаражатты инвестицияласаңыз, баға көтеріліп тұрған кезде пәтер сатып алмаңыз. Биржада мынадай ереже бар: басқалар сатып жатқан кезде сатып алыңыз және басқалар сатып алып жатқан кезде сатыңыз. Нарық төмен болған кезде де сатып алуға асықпаған жөн: өйткені 10%-ға түзелуі жақын арада бағаның құлдырайтынының алғашқы белгісі ғана болуы мүмкін.

Денсаулыққа қаржы жұмсауға аз ақша жетеді, бірақ ол да қажет. Фитнес-клубқа қымбат абонемент бойынша жаттығуды өткізіп алу жарқын жоспарларыңыздың іске аспауынан көңіліңізді бұзуы мүмкін. Бар күшті салып, клубқа баруға жігер мен уақыт табуға болады. Шығындандың ба, ең бастысы, осы ерлікке бардың ба, онда оны орындап шықпау психологиялық тұрғыдан зиян. Бірақ өзіңді қинамау үшін абонементті қайта сатып жіберуге де болады.

Неміс және орыс зерттеушілерінің деректері бойынша, мейрамдар мен демалыстардан кейін ажырасу саны көбейеді. Бұған себеп – отбасы бюджетінің қисапсыз шығыны. Демалыста шетелге баруды жоспарлағанда ғажап сарайлар мен храмдар кездесетін ең қызыққа толы бағытты таңдап қана қоймай, сонымен қатар бюджеттің ақылмен пайдаланылуын қамтамасыз еткен жөн. Бұл істегі білгірлер сауатты жұмсаған кезде 10-25%үнемдеуге: әуе билеттері мен қонақүйлерді күні бұрын және толық талдау жүргізгеннен кейін броньдауға болатынын айтады.

Біздің байығымыз келе ме? Дұрысы, иә деп санайды әлеуметтанушылар. Мұнда ең бастысы – көру көкжиегі. Мол олжаға ие болып, конъюнктураны, мұраны, жағдайды пайдаланып, әп-сәтте байып шыға келу ме? Әлде 20-30 жылдан кейін бай, табысты, дені сау отбасы болу ма? Байлық – бұл білім, өмір ұзақтығы, мәдениет. Барлығын осы жерде және тап қазір алу мүмкін емес. Әлдеқайда мүмкін нәрсе – өз қолыңмен жасау.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер