Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Сауатты салымшылар депозиттен едәуір табыс табады

Республикалық зерттеу барысында сұралған қазақстандықтардың 44% өзінің қаржылық сауаттылығының деңгейін «қанағаттанарлық» деп бағалады, 36% «қанағаттанарлықсыз» деп  бағалады. Сонымен қатар ер-азаматтардың жартысынан көбі қаржы жайында жеткілікті деңгейде білеміз деп санайды. Солай бола тұрса да, қазақстандықтардың бестен бір бөлігі депозиттер туралы көбірек білгісі келеді. Ұғым жөніндегі қайшылықтан құтылуға тырысып көрейік.

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 4-сабақ. Сақтап қана қоймай, табыс табу

Ақпан айында теңгенің құнсыздануы инвесторлардың қорғану әрекетін тудырды. Бағамның ары қарай төмендеу қаупінен құтылу үшін салымшылар теңгедегі депозиттерін валютадағы депозитке салып жатты. Бірақ долларды тек жинау үшін ғана сатып алмайды.

Алтын ереже – ақшаны әртүрлі валютада сақтау

Менің құрбымның жер телімін мемлекет қажетіне алып қойды. Үй жер телімімен бірге «кетті». Алынатын мүліктің меншік иесі ретінде ол ақшалай өтемақы алды. Бірақ бұдан біршама уақыт бұрын сатып алу үшін басқа үй іздеуге кіріскен болатын. Көптеген үйді қарап шыққаннан кейін тапты. Соның қасынан, көрші көшеден. Басқа аудандағы және қолайсыздау үй үшін кепілпұл бергені рас. Кепілпұлды садақа етуге тура келді. Бірақ екінші үйге де бірден көшу мүмкін болмады. Сатушының талап етуімен тек бір айдан соң ғана мәмілені ресімдеп, оған меншігі ретінде билік етуге болатын еді, ал ақысын тек доллармен төлеу керек болды. Екі-үш күн туыстарында тұра тұруға және осы уақыт ішінде басқа үйді жалға алуға тура келді. Үй үшін алынған өтемақыны ол депозитке салуды ұйғарды:

- Қалай ойлайсың, бірден доллар сатып алған дұрыс па, әлде бір айға теңгедегі депозитке сала тұрып, мәміле жасасар алдында айырбастаған дұрыс па?

- Қалай тиімді екенін есептеп көру керек. Теңгедегі депозит бойынша кіріс жоғары, бірақ оның долларға қатысты арзандау қаупі бар.

- Тиімдісі – теңгеде. Теңгеде – 10,5% беретін банк таптым, ал долларда бар-жоғы 4,1% болады. Олар есептеп берді. Мен тексердім, тиынына дейін береді екен, – деп құрбым кешке баяндады.

Дәл солай істеді. Алматыда салымшы үшін жиырма шақты банк бәсекелеседі– таңдау бар.

Оған қоса теңге де нығайды. Жолы болғыш екен!

Байларға – үйді немесе американдықтардың Rolls Royce арманын бірнеше рет сатып алып-сатқан адамдарға кеңестің қажеті жоқ, олар өздері ақылды. Ал демократиялық топтарға жататын адамдарға экономистер мынадай ұсыныс айтады: «Ақшаны қай валютада жұмсамақ болсаңыз, сол валютада сақтаңыз». Бірақ нарықта жылжымайтын мүлік пен автомобильдер долларға сатылады.

Қаңтар-тамыз айларындағы халықтың банктердегі салымдары 11%-ға артты: валютадағы депозиттер 43%-ға артты (соның ішінде ақпанда – 18%-ға), ал теңгедегі депозиттер 13%-ға азайды. Олардың салымдардағы үлесі үштен бір бөлігіне дейін төмендеді. Оларды халық долларға айырбастаған шығар. Бекер. Өйткені валюта қымбатта кеткен кезде оны сатып ала бастау көбінесе дүрбелең кезінде табыс табатын валюта алыпсатарларына пайда әкелу, ал өзіне шығын келтіру дегенде білдіреді.

Мынадай алтын ереже бар: ақшаны әртүрлі валютада сақтау. Анағұрлым ірі салымшылар валютада салымдар ашып, валюта тәуекелін азайтады. Жалақы, бонус немесе құрбымның үйінің бұрынғы иесі сияқты валютада табыс табатындар осылай істейді. Бұл – арманын орындау үшін ақша жинауды ұйғарған адамға ыңғайлы ұзақ мерзімді саясат.

Күз басталғанда теңге нығайды. Пайыз есебінен теңгедегі салымның кірісіне теңгенің қымбаттауы есебінен кіріс қосылды. Көктемде ақшасының бір бөлігін теңгедегі депозитте қалдырғандар ұтты.

Заңды тұлғаның сақтандыруға бетбұрысы

Қазақстандықтар ақшасын … ақшаға салғанды жөн көреді. Әдетте ақша жинаудағы мақсат – өмір сүру, барлық жағдай үшін ақшаның болуы. Ақшаны пәтер сатып алып, оны жалға өткізу үшін жинайтындар аз. Жылжымайтын мүлік қазір салым үшін құрал ретінде аса танымал емес. Өзі және отбасы үшін үй – басқа нәрсе. Ақша – бұл құрал. Бірақ үй – бұл қомақты ақша. Өз ісін ашу үшін бастапқы капитал сияқты.

Халық салымдарының артуы кірістің артуына ғана байланысты емес. Қазақстандықтар активтің сенімділігінің артуына байланысты кірістің төмендейтіні туралы айтылатын экономикалық теорияға қарсы пайда мен сенімділіктің арасында тікелей байланыс бар деп санайды. Ақша жинай отырып, олар табыс табуды емес, ең алдымен оны жоғалтпауды ойлайды.

Салымшының ақшасының депозитте сенімді сақталуына мемлекеттік депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) жауап береді. Ақшасын банкте сақтайтын және салымдардың сақтандырылатыны туралы білетін қазақстандықтар жинаған ақшасының қорғалуына алаңдамайды.

ҚДКҚ-ның деректері бойынша, 2014 жылғы 1 қыркүйекте депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің 16,81 млн клиенті болды. Бір салымшының бірнеше банктің клиенті болуы және бір банкте бірнеше депозиті болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Қатысушы банктерде жеке тұлғалардың 22,7 млн шоты ашылды, ал депозиттердің жалпы сомасы 4,4 трлн теңгені құрады. Демек, салымшыға орташа сома – 263000, шотқа – 195000 теңге.

Қазақстанда сегіз жыл бойы банктің күйреуі орын алған жоқ. Уақыты бойынша соңғы банкротқа ұшыраған банк – Валют-Транзит лицензиясынан 2006 жылғы желтоқсанда айырылды. Оның 390 мың салымшының алдындағы борышы 52 млрд теңгені құрады. 2008 жылғы наурызда ҚДКҚ 13,8 млрд теңге – жеке тұлғалардың салымдары бойынша өтем сомасының 97,6%-ын төледі.

Қаржы нарығында Валют-Транзиттің тарихын қайталауға алғышарттар жоқ. Халық салымдары сенімді сақталады. Қорда ақша (ал сарапшылардың деректері бойынша, оның активтерінде – 200 млрд теңге) жеткілікті. Егер қандай да бір банк таратылса, қор тұрақтылықты толығымен қамтамасыз ете алады. Бірақ ҚДКҚ-ның салым сомасын ғана – көп дегенде 5 млн теңге төлейтінін ұмытпаған жөн. Салымдар бойынша пайыз өтелмейді.

Білетін клиенттер салымның жоғалуынан қорықпайды. Кепілдік туралы білмейтіндер қауіптенеді: банктерге бәрінен көбірек бастауыш білімі бар және табысы аз азаматтар сенбейді. Басқалары банктің жұмысын қадағалап отырады және 2-3 банкке 5 млн теңгеге дейін салым ашады.

Толығырақ. ҚДКҚ заңды тұлғалардың депозиттеріне кепілдік бермейді, бірақ салымдарды сақтандыру жеке кәсіпкерлердің (ЖК) шоттары мен салымдарына орналастырылған ақшаға қолданылады. ЖК бизнесі болса да, ресми түрде жеке тұлғалар болып саналады да, ҚДКҚ олардың депозиттерін сақтандырады. Сондықтан ЖК олардың банкімен мәселелер туындаған жағдайда ақшаны қайтарып береді, бірақ барлық салымшылар сияқты олар 5 млн сомасынан артық ештеңе де алмайды.

…Барлығы адамға, оның темпераментіне және тілегіне тығыз байланысты. Әмбебап шешім жоқ. Біреу ұзақ мерзімді салым ашып, ақшасы туралы ойламауға дайын, ал екінші біреу әр үш күн сайын бұл тақырыпта ойланып, дегбірсізденеді. Қандай да бір жалпы кеңес беру қиын. Сонда да, егер азаматтың белгілі бір қомақты ақша сомасы болса (мысалы, 10 мың доллардың теңгедегі баламасы) және ол жақын арада оны жұмсамаса, онда ақшаны жоқ дегенде депозитке салған дұрыс. Егер де сіз бұл ақшаны жақын арада жұмсамақшы болсаңыз, онда… бәрібір де оны банктерде теңгедегі депозиттерде сақтаңыз дейді сарапшылар.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер