Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Несиеге кешкі ас: десертпен және шылыммен

90-шы жылдары кейбір бизнесмендер мен ірі шенеуніктер алтын несие карталарын оңды-солды пайдаланған еді. Қазір Қазақстанда несие карталарының саны миллионға жетіп қалды. Алматы және Астана мейрамханаларында, май құю станцияларында және сауда желілерінде несие карталарын қуана-қуана алады. Олармен туристік визалардың, интернет арқылы сатып алған заттың ақысын төлейді. Американдықтардан біздің еш айырмашылығымыз жоқ, тек бір-ақ нәрседен басқа – мәселе несие карталарына қатысты болғанда солардан үйренуімізге болады. Шарттан бастап...

Фото: drobs.ru

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 8-сабақ. Несие картасын беру және оған қызмет көрсету туралы шарт
Ұлттық Банктің деректері бойынша, Қазақстанда 3,4 млн несие картасы (дебет карталарына қарағанда шашамен 4 есе аз) айналымда. Оның 97% дерлік Алматыда айналымда. Ал тұтас алғанда елімізде 2013 жылғы қазаннан бастап 2014 жылғы қазанды қоса алғанға дейін айналымдағы Visa несие карталарының саны 13%-ға, MasterCard Worldwide 15%-ға артты.

Жеке қаржысының есебін жүргізетіндер несие картасын мобильдік қосымшалардың, онлайн-банкингтің көмегімен, қағазда немесе тіпті… ойша ала алады. Тым болмағанда тәжірибе үшін. Ақша санамайтындар болса несие карталары қашан және қай жерде ыңғайлы екенін анықтап алып, қолма-қол ақшамен төлеуді орынсыз көретін де болар.

Ақпараттық технологиялар ғасырында несие картасының өмір салтынан туындағаны ойға қонымды. Даму бір орнында тұрмайды және банктер жаңалықтарға тез жауап береді. Өзіңізбен бірге көп қолма-қол ақша алып жүрудің керегі жоқ, онымен қазір тек базарлар мен үйдің жанындағы дүкендерде ғана төлеу тиімді. Қалған барлығына қолма-қол ақшасыз төлеген жақсы. Бұл қауіпсіздеу. Барлық төлем анық болады. Ал егер сізге ақша жетпей қалса, карта банктен тиімді талаптарда қарызға ала тұруға мүмкіндік береді дейді банкирлер.

- Несие картамды жапқаным қандай жақсы болды, – деп қуанды бір танысым.

- Саған оны ашудың да керегі жоқ еді, – деп ұрыстым.

Олай деуімнің себебі де бар. Ол 100% түйсікпен өмір сүреді. Өз шығындарын есептеу, банк мөлшерлемесінің арту ықтималдығы, ақша жинаудың балама жоспарлары, несие картасы мен несиенің арақатынасын белгілеу – мұның барлығы ол адам туралы емес. Банк менеджерінің ұсынысын қабыл алып, ол (тиісті жалақысы бар шағын жобаның директоры) несие картасының лимиті бойынша өзіне керекті 150 мың теңге несие алған. Несие картасын пайдалана білместен және табанды түрде шартты оқымастан (?!), ол маған бірнеше ай бойы «ақшаны саламын, саламын, ал борыш азаймайды» деп, банкке шағымын айтып жүрді. Ақшаны банкомат арқылы алатынын мойындамай және осы уақытқа дейін түсіндіргенімізді тыңдамай келді.

Несие картасы міндетті түрде шарт жасасуды талап етеді. Оны, әсіресе тарифтер, комиссиялар және айып санкциялары туралы бөлімдерін мұқият оқып шығыңыз.

Несие картасы банк қаражатын пайдаланғаны үшін пайыз есептелмейтін жеңілдік кезеңімен тартымды. Ол 50-55 күнді құрайды. Бірақ әдетте бұл дүкендерде терминалдар арқылы картамен сатып алған заттың, қызметтің ақысын төлеуге ғана қатысты. Ал егер сіз қолма-қол ақша алсаңыз, сізге бірден пайыз есептей бастайды, сонымен қатар мұндай операция бойынша пайыз жоғары болуы мүмкін, ал көп жағдайда борышқа алынған соманың 3-5 % мөлшерінде комиссия да есептеледі. Аз ғана ақша дейсіз бе?

Американдықтар несие карталарымен төлем мерзімін өткізгені үшін, лимиттен асып кеткені және басқасы үшін жылына $17 млрд мөлшерінде тек айып санкциясын төлейді. Экономистер былай түсіндіреді: «Біздің сезімге тәуелді ойымыз несие картасын соңына дейін тауысуға, тәттіге тапсырыс беруге және шылымды тартып бітіруге ұмтылады. Егер ол қалаған бір нәрсесін көріп қалса, шыдауға ешқашан келіспейді. Сезімге тәуелді ой үшін алыс болашақ деген нәрсе жоқ. Дәл осы себеппен тағы шот төлеуге тура келгенде несие картасынан ақша тез жұмсалады».

Ұтымды ойлайтын адам басқаша әрекет етеді. Ол ойынның ережелерін ойын басталғанға дейін және ойын басталған уақытта анықтап алуға тырысады. Егер сіз жеңілдік кезеңі ішінде несие картасы бойынша бүкіл берешек сомасын төлесеңіз, пайыз есептелмейді. Міне, осы кезде құлпынаймен Арно мен Cohiba Behike-қа тапсырыс беріңіз. Егер сіз бөліп төлесеңіз, жеңілдік кезеңі аяқталған соң банктің алдында сіздің борышыңыз пайда болады да, пайыз есептеледі. Егер борыш болса, жаңа зат сатып алған кезде енді жеңілдік кезеңі болмайды. Демек, жеңілдік кезеңі картамен алғаш рет зат сатып алған кезде ғана, ал ары қарай борышты толық өтеген кезде ғана қолданылады.

Егер сіз бүкіл борышты бірден өтемейтін болсаңыз, ай сайынғы ең аз төлемді төлеу – міндетті талап. Егер тіпті картаны мүлде пайдаланбасаңыз да, бәрібір берешек пайда болады, сосын оған пайыз есептеледі. Қалай? Мысалы, сіз картаны ресімдедіңіз, бірақ шарттан қызмет көрсетілгені үшін комиссия ай сайын болатынын оқымадыңыз. Ал бір айдан соң комиссия мөлшерінде біраз борыш пайда болады. Бірақ бұл – сирек кездесетін жағдай. Негізінен комиссия – жыл сайынғы комиссия. Борыш қосымша қызметтерден, мысалы, мобильдік банкинг қызметінен туындауы мүмкін.

Несие картасын дұрыс жабу керек: борышты өтеп, банкке картаны жабу туралы жазбаша өтініш беру керек. 45 күн күту керек. Бұл – барлық несие карталары үшін норма: 45 күннің ішінде «тосқауылда» болуы мүмкін сома анықталады. Кейде карта бойынша борыштың жоқтығы туралы анықтама алу керек.

Банкпен кез келген шартты жасасуда талаптардың еліктіретіні сонша, біз олар туралы ұмытып кетіп жатамыз. Мысалы, шартта бірегей нөмір, тараптардың деректемелері болуы керек және тиісті лауазымдық тұлғамен және офисте жасалуы керек. Бірақ оларды сақтамау шартты жарамсыз етеді.

Шарттың мерзімін ұзарту (оның қолданылу мерзімін ұзарту) да – қарапайым және дағдылы нәрсе. Мерзімін ұзартудың ең басты артықшылығы – уақытты үнемдеу. Әдетте оны банк автоматты түрде жүргізеді және клиенттің болуын талап етпейді. Несие картасын шығаруға шарт көбінесе автоматты түрде ұзартылады. Мысалы, банк салымы шарты сияқты. Шарттың мерзімі дәл сол мерзімге, салымның мерзімін ұзартқан сәтте қолданыста болатын осы салым бойынша пайыздық мөлшерлемемен ұзартылады. Бірақ барлық депозиттік шоттарды ұзартуға болмайды, бұл мүмкіндік салымды ашқан кезде шартта күні бұрын келісіледі.

Шартқа қанша ақшаңыз байланысты болса, шартқа сонша уақыт бөліңіз. Шарттағы салалас құрмалас сөз тізбектері – әдеттегі жағдай. Мұндай сөйлемдерде қателесіп кету оңай. Оларды түсіну қиын. Кейде банкпен жасалған шарттағы сөйлемнің мәнін түсіну үшін қалам алып, схема құру керек.

Көбінесе біз қол қоятын шартта бір тармақтардан екіншілеріне сілтемелер болады немесе тағы бір нәрсеге сілтеме жасалатын шартқа сілтеме жасалады. Сондықтан мұқият болыңыз. Әсіресе егер клиенттердің хабардар болуы үшін қамы жасалатын, банктердің сайттарында онлайн кіруге болатын «Шарттың жалпы талаптарына» сілтеме жасалса. Бұл жағдайда сіз барлық талаптармен, комиссиялармен және басқа да өзгешеліктермен үйде тыныш жерде таныса аласыз.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер