Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Жақсы ене күйеу баласының несие тарихының бұзылуына жол бермейді

Несиені төлеу мерзімін өткізіп алуға бола ма? Республикалық зерттеу барысында сұралған адамдардың жартысы болады деп санайды. Не болады? 43% ғана несие тарихы бұзылатынын түсінеді. Ал сіз, мысалы, бизнес ашу үшін банктен несие алғыңыз келген кезде сіздің жарнаны уақтылы төлейтін адал клиент екеніңізге көз жеткізу үшін сізден бірден несие бюросынан анықтама талап етеді ғой.

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 2-сабақ. Несие тарихы

«Жақсы несие беруші қарыз алушының қарызға белшеден батуына жол бермейді, ал жақсы қарыз алушы өзінің несие тарихын бұзуына жол бермейді», – дейді танысым. «Жақсы ене күйеу баласының банкрот болуына жол бермейді», – деп ашуланады әйелі. Сөйтіп, өзінің анасы күйеу баласының несие тарихы таза болып қалуы үшін барын жасаған отбасылық автонесие эпопеясын айтып берді.

Жастық шақтың қателіктері

Ініге, немере ініге немесе көршіге, жалғыз басты анаға несие алу – бұл біздің қазақстандықтардың ерекшелігі. Сосын қарыз алушы төлем жасауды тоқтатады. Оңай құтылып кететініне сенімді адамдар бар. Ал олардың қайырымды ағалары, немере ағалары немесе енелері қайырымдылықтың емес, несие немесе тіпті сот уақиғаларының қаһармандарына айналып жатады.

Несие тарихы өздігінен де бұзылуы мүмкін.

Алматылық Светлана несие тарихын тексеріп, банктердің біреуінде оның атында 6 млн теңге мөлшерінде несие барын анықтаған. Несие тарихының бірінші бетінде оның деректері, ал екіншісінде онымен тегі бір, әкесінің аты мен ЖСН басқа адамның деректері көрсетілген болып шықты.

Көптеген мұндай қателіктер – біздің банк жүйеміздің әлі жас болуының салдары. Сондықтан ақпарат жинаумен, сақтаумен, пайдаланумен және несие есептерін берумен айналысатын несие бюроларының нарығы да жас. Бюролардың деректер базаларының көлемі тез артты. Бұл банктерден, сақтандыру, лизинг компанияларынан келіп түсетін деректердің сапасын бақылау мәселесін туғызды. Сондықтан тарихи деректерді «тазарту» мәселесі әлі бар. Алайда сарапшылар қарыз алушының қаржылық іс-әрекетіне байланысты емес техникалық себептерден қателіктер саны математикалық қате жіберушілік шегінде дейді. Бірақ несие тарихын қарыз алушылардың өздері түзеуіне тура келеді.

2011 жылы шымкенттік Айбек қазақстандық банктердің біреуінің филиалында қарыз алды. Дұрыс төледі. Бірақ 2013 жылы Тараздағы филиалдың банкирлері кезекті төлемді қабылдап, ақшаны Шымкентке аудармаған. Айбекті қасақана төлемеуші етіп, несие тарихын бұзған. Бұл жайында Айбек үш айдан соң Шымкент филиалының проблемалық несиелер жөніндегі менеджерінен біледі. Шымкентте несие тарихын қалпына келтірудің барлық рәсімдерін өтті. Ал осы жылдың қыркүйегінде басқа банкке несие алуға барып, Бірінші кредиттік бюродағы (БНБ) жағымсыз несие тарихына сілтеме жасалған бас тарту алған.

Үйде жатып-ақ...

Қазақстанда несие тарихын үйден шықпай-ақ, интернеттен қарауға болады. Өз несие тарихыңыздағы өзгерістер туралы хабарламаларға жазылу ыңғайлы болар еді, бірақ мұндай әзірге жоқ. Несие есебін алу тәсілдері бірнешеу.

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) мен банктің төлем картасы болған кезде egov.kz электрондық үкімет порталында онлайн-несие есебін алуға болады. Жылына бір рет тегін, ал келесі жолы – 400 теңге +100 теңге банк комиссиясы бар. www.myth.kz қаржы порталында және БКБ cайтында да солай.

Есепті Алматы қ., Самал-3 ықш.ауд., 25-үй мекенжайындағы БКБ офисінде немесе Алматы қ., Абай даңғ., 10а, «A&F» БО мекенжайындағы Мемлекеттік кредиттік бюроның (МКБ) офисінде жеке куәліктің түпнұсқасын көрсетіп, сатып алуға болады. Астананың екі ХҚКО-ның (Мирзоян к-сі, 25 немесе Республика даңғ., 43) біреуінен алуға болады.

Сосын пошта арқылы, БКБ немесе МКБ мекенжайына нотариатта куәландырылған қолымен және жеке куәліктің көшірмесі қоса тіркелген өтініш жолдап, алуға болады. Офисте ертеңіне алуға болады. Ал Kazpost жылдамдығы тез емес екенін ескерсек, пошта арқылы алу жылдам емес.

БКБ жеке тұлғаларға барлық бұрынғы және қазіргі қарыздар жөніндегі: несие алған күні, сомасы және өтеу күні туралы ақпарат, толық төлем кестелері бар дербес есепті береді.

Оны мұқият түсініп алу керек. Банктерден келіп түскен несие тарихын сұратулардың санын қарау керек. Бұдан әрі «Стандарт несиелер» мәртебесі ақпаратты жаңартқан күні мерзімді өткізіп алудың жоқ екенін білдіреді. Бірақ мерзімді өткізіп алудың бар-жоғы – күн саны мен сомасы туралы ақпараты бар «Соңғы 24 айдағы төлем тәртібі» блогына, несиенің бүкіл қолданылу кезеңіндегі «Мерзімі өткізілген ең көп сома» және «Мерзімі өткізілген ең көп күн саны» тармақтарына назар аударыңыз. Айтпақшы, банктер несие тарихындағы ақпаратты кемінде 15 жұмыс күні ішінде бір рет жаңартып отырады.

Мұнтаздай таза ету

Ай сайын ондаған адам БКБ-дан несие тарихын редакциялауды, «қара тізімнен» алып тастауды сұрайды. Өтініштер несие беруден бас тартуға және несие тарихы бюросы шындығында немен айналысатынын жете түсінбеуге байланысты. Ал бюролардың өзі деректерді енгізу, түзету немесе несие тарихынан алып тастау туралы шешім қабылдамайды.

Қарыз алушы төлем жасамай, мерзімді өткізіп алып, несие тарихын өзі бұзады. Егер өзінің несие тарихындағы деректермен келіспесе, онда ақпаратты есепті алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде даулай алады. Даулау туралы өтінішке төлемнің уақтылы жасалғанын растайтын түбіртектердің көшірмелерін қоса тіркеп, бюроға немесе банкке хабарласыңыз. Егер тексеру дұрыстығыңызды растаса, онда несие тарихы түзетіледі.

Нашар несие тарихы ақыр заман емес. Бұл ұғым қалыпқа түсірілмеген. Әрбір банк клиенттің несие тарихын көріп, несие берген кездегі тәуекелдерді өзінше бағалайды. Қандай да бір банктер аз ғана бұзушылықтары бар адамдарға несие бермейді. Екінші бір банктер, егер кейіннен қарыз алушы бір немесе бірнеше, мысалы, шағын тұтынушылық несиені уақтылы өтеген болса немесе несие картасын ресімдесе, тіпті бұрынғы несиесі бойынша көп рет төлем жасамаған қарыз алушыға да несие бере алады. Дәл кесте бойынша жасалған төлем біртіндеп несие тарихын жақсартады. Бірақ одан да қатаң несиелеу талаптарына дайын болу керек. Банк тәуекелге барады, сондықтан одан да жоғары пайыздық мөлшерлемемен немесе кепілмен аз қарыз беруі мүмкін.

Жақын арада Америкадағыдай болады

БКБ-дағы сұратуларға қарағанда, несие тарихына деген қызығушылық жылдам артуда. Несие тарихы жоқ жаңа қарыз алушылар саны азайып келеді. Жақын арада біз өз тарихымызды таныс цифрлар конфигурациясы бойынша оңай салыстырып оқитын боламыз.

Шағын қаржы ұйымдары, ұялы операторлар мен коммуналдық қызмет көрсетушілер азаматтардың несие тарихына мерзімді өткізіп алу және берешек туралы ақпарат енгізуге міндеттейтін уақыт алыс емес. Олар бүгін де телефонды өшіріп, борышкерді шетелге жібермеуі мүмкін. Бірақ өкімет әдістемесі осыны талап ететін Doing Business рейтингісінде елдің бағасын арттыру үшін қазақстандықтардың несие тарихына ТҮКШ пен байланыс қызметі үшін олардың берешектері туралы мәліметтерді жазуға рұқсат беруі мүмкін.

Сондықтан несие алуға мүмкіндіктің болмауы – Қазақстанда бұзылған несие тарихының әзірге жалғыз ғана салдары. Мысалы, тәжірибесі бізге енгізіліп жатқан Америкада бұдан көптеген мәселелер туындау қаупі бар: тұрғын үйді жалға беруден бас тартудан бастап жұмысқа орналасу мәселелеріне дейін. Несие тарихымызда маңызды өзгерістер болуы үшін әлі соншама ақпарат енгізу керек екені рас…







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер