Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Банкпен жасалған шарттан да ақша табуға болады

Шарт – қарыз, сатып алу-сату, мердігерлік бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім. Шарт – іскерлік қызмет өрісінің бір бөлігі. Бұл ретте «іскер тұлғалар» – бұл жаңа үлгідегі шілтер блузка мен Dolce&Gabbana-ның гүлді белгісі бар атластан тігілген тар юбка немесе Celine-ның былғары юбкасын киетіндер ғана емес, біраз іш пыстыратын ерлер мен әйелдер. Олар сөйлегенді емес, әрекет еткенді дұрыс көреді, өз акционерлерін, серіктестерін, клиенттерін сыйлайды. Шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің бағасын біледі. Бірақ олар да қателеседі…

Иллюстрация: credits.ru

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 7-сабақ. Банкпен жасалған шарт

Қателіктің бағасы – $4,5 млрд.

Бір жыл бұрын ата-бабасы Кеңес Одағынан шыққан американдық бизнесмен Леонард Блаватник JPMorgan Chase-ке қарсы сотта жеңіп шығып, банктің келісімшарттың талаптарын бұзғаны үшін $50 млн алады. Блаватник JPMorgan-нан сот арқылы екі есе көп алмақшы болды. Ол оның $98 млн шығынға батуына қауіпті ипотека қағаздарына оның қаражатының 46%-ын – сенімгерлікпен басқару туралы келісімде рұқсат етілгеннен екі есе көп салған банк кінәлі деп санайды. Бірақ сот құжаттан қате тапқан.

«Уралкалийдің» бұрынғы бірлесіп иеленушісі, Кипр Банкінің бақылаушы акционері және Forbes деректері бойынша $8,8 млрд дәулеті бар «Монако» футбол клубының негізгі иеленушісі – ресейлік бизнесмен Дмитрий Рыболовлевтің бұрынғы әйелі үйде кесте тігіп отырғысы келмеді. Бұл іскер тұлға ажырасқаннан кейін күйеуінен сот арқылы миллиардердің дәулетінің жартысын алды. Бұл да көбінесе шарттың, бұл жолы қол қойылмаған шарттың арқасында. 2005 жылы Рыболовлев мырза әйеліне неке шартына қол қоюға ұсыныс жасаған. Ол бойынша 20 жылдай некеде болған кезде екі қызын қорғап келген байғұс серігі айырылысқан жағдайда €100 млн алар еді. Ол бас тартып, қарсы шығып, жеңіп шықты.

Мүдделі тараптардың қолы қойылған және қолтаңбалармен, мөрлермен бекітілген шарттың күшін білесіз. Сіз іскер адамсыз.

Әйеліңіз ең танымал институтта оқиды және фламенко биін билейді. Балаларыңыз гимназияға барады, ал сабақтан соң теннис ойнауды немесе жүзуді үйренеді. Тау көрінісі бар жаңа кварталда тұрасыздар және шағын болса да, барынша сәтті бизнес жүргізесіздер. Сосын несие алуға, әзірге ақшаны депозитке салуға мәжбүр боласыз – әйтеуір, бір нәрсе үшін банкпен шартқа қол қоюыңыз мүмкін.

Типтік шартта – 10 бет, нақты шартта – 2 бет

Шарттар туралы бәрін, тіпті көбірек білесіз, бірақ сонда да негізгісін ойыңызға түсіріңіз: шарттың мәні – қарыз немесе салым және оған қызмет көрсету талаптары туралы барлық мәліметтерді мұқият оқып шығу. Банкирлерден сізге несие беретін немесе салым қабылдайтын талаптар: қарыз алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты төлем, салым мүмкіндіктері туралы деректер алу. Бұл – заңды құқығыңыз.

Банк шарт жасасқанға дейін клиентке мөлшерлемелер мен тарифтер, өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімдері, қызмет көрсету талаптары – несие, салым, кепілдік және басқалары туралы, шарт жасасуға қажетті құжаттардың тізбесі туралы, жауапкершілік және шартты орындамаған жағдайда клиенттің ықтимал тәуекелдері туралы ақпаратты беруге міндетті.
Банк сізге туындаған мәселелер жөнінде тегін кеңес беруі керек. Бірақ бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан шартты дәл банктің бөлімшесінде менеджердің көзінше және клиенттер кезекте тұрғанда шартқа қол қояр алдында оқу міндетті емес. Егер сұрасаңыз, Банк типтік шарттың көшірмесін беруі керек. Типтік шартты банктің сайтында ашып, оқып шығып, бір қарағанда түсініксіз нәрсенің бәрін түсініп алуға болады. Әрине, сайтта шарт – 8-10 бет, бірақ әңгіме сіздің ақшаңыз туралы болып отыр. Сосын банкте сізге қол қоюға 2 бет береді, бірақ оларда типтік шарттың барлық басты талаптары болады.

Банк сізге шарттың талаптарымен танысуға уақыт беруі, даулы жағдайлар туындаған кезде банкке, банк омбудсменіне, Ұлттық Банкке немесе сотқа жүгіну құқығы туралы айтып беруі және осы сатылардың пошталық, электрондық мекенжайлары мен интернет-ресурстарын айтуы керек. Егер сұратсаңыз, банк сізге қаржы есептілігін орналастыру көздерін хабарлайды және әрдайым сіз берген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Несие неғұрлым қысқа мерзімге болса, соғұрлым арзан

Біреулердің жасырып қалу саясаты мен тағы біреулердің қаржылық сауатсыздығының талай салдары болды. Көбінесе шартқа қол қойған кезде ден қоймау, оның мәнін жете түсінгісі келмеу немесе клиенттің неге қол қойып жатқанын түсінбеуі оның банкпен қарым-қатынасының оңай болмауының себебі болып жатады. Көбінесе дәл осындай клиенттердің қарыздары қайта құрылымдауды талап етеді деп санайды банкирлер. Олар қарыз алушылар міндетін біраз сезініп, өз мүмкіндіктерін асыра бағаламаса, мәселенің алдын алуға болар еді деген сенімде.

Қарыз алушылар банктер банк өнімі мен жасырын қиындықтар туралы толық шындықты жасырып қалып, оларды қасақана жаңылыстырады деп ойлайды. Нәтижесінде мөлшерлеме, мерзім, кепіл, айыппұл және өсімпұл туралы шындық адам несие кіріптарлығына тап болған кезде ашыла береді.

Банкке келгенде шарт жасасуға асықпаңыз. Төлемнен үнемдей аласыз. Мөлшерлеме қумаңыз. Көп кездесетін қателік – ең төменгі мөлшерлеме ұсынатын банкті таңдау. Өйткені банктер бұл жағдайда қарыз алушыға олардың несие шартында көзделген алымдар мен комиссиялар туралы айтпай қоя салады. Сондықтан жоспарланбаған шығынға тап боласыз.

Несие – әзіл іспеттес: неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жақсы. Мерзімін азайтыңыз. Сіз несие алатын мерзім неғұрлым аз болса, ол соғұрлым арзанға түсетінін есте сақтаңыз. Ақшаны барынша қысқа мерзімге алуға тырысыңыз. Сосын банктердің бір бөлігі мерзімінен бұрын өтеуді қолдаса, есесіне басқалары бұл үшін айыппұл салады. Сондықтан шартты мұқият оқыңыз.

Несие бойынша пайыз мөлшерлемесі 56%-дан аспауы керек

Банкирлер шрифт кішкентай екені өтірік дейді. Шартта ең бастысын ұсақ шрифтімен жазбайды, ҚР Ұлттық Банкінің шрифт мөлшері мен түрі жөніндегі талаптарын дәл орындайды. Стандарт бар және ол сақталады.

Шартта нақты және тиімді мөлшерлеме міндетті түрде көрсетіледі. Бірақ тиімді мөлшерлемеде қарыз алушының өзге ұйымдарға: нотариусқа, сақтандыру компаниясына және басқаларына жасайтын төлемдерге байланысты шығындары ескерілмейді. Нотариустың қызметі қанша тұратынын барлығы дерлік біледі, ал сақтандырушылардікін олардың өздері және банк біледі. Жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл барлық қосымша төлемдер ескерілгендегі несие құны, ол – қарыз ақшаның дәл бағасы. Сонымен, несие бойынша ең көп мөлшерлеме – 56% және банк заңда белгіленген шектен аса алмайды.

Кез келген несиені – тұтынушылық, автонесиені, ипотекалық несиені ресімдеген кезде төлем кестесіне, күніне және өтеу тәсілдеріне назар аударыңыз. Ағымдағы төлем мерзімі өткізілгені үшін өсімпұл алына ма, жоқ па, соны міндетті түрде анықтап алыңыз. Кейде техникалық түрде мерзім өткізіледі: төлем мереке күндеріне түседі немесе 40оС температурамен жатуыңыз мүмкін.

Банк несиені тез арада қайтаруды талап ете алатын жағдайлардың тізбесін қарап шығыңыз. Банктің тарапынан несие шартын біржақты тәртіппен бұзу немесе оның талаптарын өзгерту негіздеріне назар аударыңыз.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер