Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Forbes-тағы 10 сабақ

 

Kaspi қаржылық ағындарды түсінуге көмектеседі.

Forbes.kz және Kaspi Bank «Қаржы жайлы қарапайым тілмен» деген бірлескен жобаны бастады, онда қаржылық сауаттылықтың негізі және отбасылық бюджетті басқару ғылымы жайында әңгімеленеді. Бірінші сабақтың тақырыбы – тұтынушылық несиелер.

Қаржы жайлы қарапайым тілмен. 1-сабақ. Тұтынушылық несиелер

Республикалық зерттеулерден байқалатыны – жеке қажеттіліктер үшін ақшалай несие жайлы 39%-дан астам қазақстандық білгісі келеді екен. Бұл түсінікті. Біздің ақшаға және банктерге деген қарым-қатынасымыз әлі де оғаштау: қазақстандықтар несиенің көмегімен қаржылық мәселелерін ғана шешіп қоймай, тәрбиелеуге, имиджін түпкілікті өзгертуге тырысады. Несиелерді «өз орнына қойып» көрейік.

Toyota-ны Bentley-ге ауыстыру

Құрбым Светлана – жақында өзінің емханасының негізін қалаған және оны бар күш-жігерімен айналдырған белгілі дәрігер, ол жабдықты кепілге қойып, несие алды. Ол күйеуімен пәтер жалдап тұрады, ал өз үйін жалға береді. Күйеуі жазда пияз егеді. Тұрмысқа шыққан екі қызы жұмыс істемейді. Үлкені екі жасар немересін бағады, кішісінің аяғы ауыр. «Өзіме несиеге қаракүзен тон сатып алдым», – дейді Светлана бір кездескенде. Оны былайша түсіндірді: «Бұл – күйеуімді қыста жұмыс істеуге мәжбүрлеудің жалғыз тәсілі. Әйтпесе казинодан шықпайды». Ал өзі жұмыс басты адам, аман болсын әйтеуір! Машинаны да несие аламын дейді. Мұндай жағдайда машина алудың қажеті қанша деп сұрасам, иығын көтеріп: «Қаржылық ағындар азаймау үшін. Тонның бағасы күйеуімді ынталандыру үшін аздық қылады», – дейді.

Көбірек жұмыс істеуге ынта болу үшін банктен қарыз алған адамдар аз емес. Басқа да уәждер бар. Біреулері 60 метрлік үйге миллион теңгелік телевизор сатып алу үшін несие алса, екіншілері Toyota-ны Bentley-ге ауыстыру үшін, үшіншілері үйлену тойын басқаларынан кем қылмай тойлау үшін несие алады! Бұл ретте олар несиенің барлық оң жағын көреді де, теріс жақтары жайында ұмытып кетеді, кез келген адам өзінің осыны қайтсем де алам деген ықыласы басылғаннан кейін оларға тап болуы мүмкін.

Қазір заман сондай. Неше түрлі заттардың түр-түрі өндіріледі. Бүгінгі күннің кейіпкері – сапа емес, әдемілік емес, тек қана маркетинг және тұтыну философиясы. Сатып ал – сатып ал – сатып ал.

Тұтынушылық трендті растай отырып, ойланып көріңізші. Канадалық Blackberry-дің $700 тұратын Passport смартфонының соңғы моделі сізге қатты керек болып тұр ма? Сізге 4,5 дюймдық төртбұрыш экран керек пе? Көп мәтін жазасыз ба? Ал жаттығу жасайтын керемет FirstBIKE беговелы балаларыңызға керек пе?

Мүмкін, алдымен несие туралы емес, ақша жинау жолын қарастырып көру керек шығар? Банктер мөлшерлемесі теңгеде 10,5% немесе долларда – 4,1% болатын депозит ұсынады.

Мөлшерлеменің көлемінің маңызы бар

Жарайды, шешім қабылданды, сіз жеке қажеттіліктеріңіз үшін тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетуді сатып алуға тұтынушылық несие алу үшін банкке баруға дайынсыз. Бірақ алдымен тым болмағанда өзіңіздің төлем қабілеттілігіңізді есептеп көріңіз. Егер несие бойынша ай сайынғы төлем табыстың 10-15%-ын құраса, несие алуға болады, бұл – әдеттегі жағдай. Сонда төлем жасау ауыртпалық әкелмейді және төлемей қалу қаупі де төмен. Егер несие ұзақ мерзімді, ал оның сомасы көп болса, депозитте айлық төлемнен  үш-төрт есе көп соманың болғаны жөн. Егер қарыз алушы жұмыстан шығып қалса (ал бұл несие шартын бұзуға негіз болмайды) немесе ауырып қалса, несие бойынша төлемдер жалғаса береді, сөйтіп қарызға батып кетуі мүмкін. Ал үш-төрт айдың ішінде емделуге немесе жұмыс тауып алуға болады – бұл да классика жанры.

Несие сарапшылары долларлық емес, теңгелік несие алуға кеңес береді. Теңгені долларға немесе еуроға айырбастау қажет болғанда, қарыз алушының кірісінің валютасындағы несие бағамдық тәуекелдерден қорғайды.

Ал несиені аннуитеттік төлемдермен қайтаруға болады. Олардың жақсы жағы – қарыз алушының ай сайын төлейтін сомасының өзгермейтіні. Басқа ешқандай цифрды есте сақтаудың қажеті жоқ. Бірақ несиенің тұздығы – төлемнің түрінде емес, пайыздық мөлшерлемесінде. Осыны ұмытпаңыз.

Өзіңіздің шығындарыңызды қадағалап жүресіз бе? Керемет. Өзі табыс табатын адам ақшаның құнын біледі. Кірістеріңіз бен шығындарыңызды есептеп көріңіз. Бір мысал келтірейік: 200 мың теңге тұратын диван керек. Күйеуінің жалақысы – 110 мың, әйелінікі  – 80 мың теңге. Басқа кіріс жоқ, бірақ бес жастағы ұлы бар. Кірістің 10% – бұл 19 мың теңге. Осындай жағдайда банкте осындай кестені есептеп беруі мүмкін: 

Несие сомасын есептеу 200000 теңге Әртүрлі мерзімге
Қарыз мерзімі Ай сайынғы төлем Артық төлем
3 ай 74 068 тг 22 203 тг
6 ай 40 386 тг 42 316 тг
9 ай 29 175 тг 62 578 тг
12 ай 23 583 тг 82 990 тг
15 ай 20 237 тг 103 551 тг
18 ай 18 014 тг 124 260 тг
21 ай 16 434 тг 145 117 тг
24 ай 15 255 тг 166 121 тг

Егер айына 10%-дан төлесе, қарызды бір жарым жылда қайтару керек болады және артық төлем 124 мың теңгені құрайды, 15%-дан болса – 9 ай және артық төлем – 62 мың  теңге. Шартта және банктің веб-сайтында көрсетілген комиссиялар тізбесін қараңыз. Тексеріп көрейік пе? Шығындар: балабақшаның ақысы – 27 мың теңге, екі жол жүру билеті – 10 мың, тамаққа және күнделікті тұрмысқа – 80 мың теңге, тағы 45 мың – байланыс, коммуналдық қызмет және басқалары. Сонымен, банкке 28 мың теңгеден – кірістің 15%-ынан қайтаруға болады.

Шығындарды біраз азайту керек. Бірақ бұл енді техникалық мәселе, оны жүзеге асыруға болады. Әр отбасының бұған қатысты өз тәжірибесі бар.

Көлік маусымының нағыз қызған шағы

Автонесиелер – бұл нысаналы мақсаты көлік сатып алуға арналған несиелер, көлік несие бойынша кепіл болады. Автонесиелер бойынша мөлшерлемелер әдетте тұтынушылық несиелерге қарағанда төмен. Теңгенің құнсыздануына байланысты автомобиль бағасының өсуімен Қазақстандағы автонесиелерге деген сұраныс бастапқыда бәсеңдеп қалды, ал одан кейін бұрынғыдан бетер танымал бола түсті. Банктер қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейтті. Алайда автомобильді несиеге сатып алғысы келетіндердің саны азайған жоқ. Олар (бұл көбінесе 21 жастан 30 жасқа дейінгі ер-азаматтар) автонесиені 60 айдан басталатын мерзімге алуды жөн санайды. Теңгедегі бағаның өсуіне қарай қымбат машина сатып алатындар сатып алудан да, несиеден де бас тартпайтын болды.

«Екі автомобиль, екі пәтер, 3 млн теңгеден басталатын жинақ ақша – міне, қалыпты отбасының бейнесі», – деп ойлайды қазақстандықтар. Бірақ олар екінші автомобиль сатып алу үшін ақша жинауға дайын емес.

Автонесиелердің танымал болуының бір себебі – жоғары инфляция. Екіншісі – иномаркаларды кіргізуге баж салығы кенеттен өсіп кеткен кезде Қазақстанның Кедендік Одаққа енуі. Салоннан жаңа машиналар сатып алу, көбінесе несиеге сатып алу үлесі де өсті. Оның үстіне күзде әдетте көлік көп сатылады. Адамдар демалыстарынан оралады, автосалондарда машина сатып алуға түрлі науқандар басталады.

Несиелік шартта тұтынушылық несие, автонесие, қарыз алушы деген ұғымдар нақты тұжырымдалған. Қарыздың қақпанына түсіп қалмау үшін банктен несиенің толық құнын қандай төлем, пайыз, комиссиялар құрайтыны жайында барынша толығырақ ақпарат алыңыз.

Банктер Hyundai, Nissan, Volkswagen, Chevrolet, Renault, Toyota және тағы басқа автомобильдерді сатып алуға түрлі несиелеу бағдарламаларын ұсынады. Несие бойынша мөлшерлемелер несиенің мерзіміне, бастапқы жарнаның мөлшеріне және несиелеу бағдарламасына байланысты.

Өмірді және жұмыс қабілеттілігін жоғалту қаупінен сақтандыру шартын жасасқан кезде мөлшерлеме төменірек болады. Сақтандыру ұрлау, толық құрылымдық жойылу немесе зақымдалу салдарынан автомобильдің жойылу немесе оның құнының төмендеуі қауіптерін жоя отырып, қарыз алушының мүліктік мүддесін және несие берушінің қаржылық мүддесін қамтамасыз етеді. Сақтандырусыз машинаға тұтынушылық несие алуға болады.

Автонесиелер тартымдылығын жоғалтқан жоқ. Негізгі бағыттарының бірі автонесиелеу болып табылатын банктердің арасында бәсекелестік күшеюде. Бұл – Сатып алушылар үшін тиімді.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер