Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы

Карточканы пайдалану ережесі

1. Карточканы алу және сақтау тәртібі
1.1. Банк дайындалған Карточканы тікелей Ұстаушыға немесе Карточка ұстаушының берген сенімхатының негізінде іс-әрекет ететін оның сенімді өкіліне береді. Карточканы алған кезде Ұстаушы Карточканы берген Банк қызметкерінің көзінше Карточканың теріс жағындағы арнайы соған көзделген орынға қол қояды.
1.2. Карточканы басқа адамдарға пайдалануға немесе кепіл ретінде беруге тыйым салынады. Уәкілетті емес тұлғамен берілген Карточка алынуы тиіс.
1.3. Карточканың теріс жағында кодталған ақпараты бар магнит жолақ орналастырылған. Магнит жолақтағы жазбаға зиян келтіретін және автоматтандырылған режимде операциялар жүргізуге мүмкіндік бермейтін қолайсыз факторлардың әсер етуіне жол беруге болмайды: электромагниттік өріс (дисплеймен, магниттелген немесе магниті бар заттармен, мысалы, кілттермен, сөмкелердегі магнит құлыптармен көршілес қою), механикалық зақымдану (сызаттар, ластау, мысалы, күн сәулелеріне қыздыру және т.с.с.).
1.4. Карточканы қаптамада немесе портмонеде сақтау керек, оны пайдаланғанда шамадан тыс күш салмау керек.
1.5. Ұстаушының алғанына дейін Карточка тосқауылданып шығарылып беріледі. Оны алғаннан кейін Ұстаушы мына телефондар арқылы тәулік бойы, жылына 365 күн жұмыс істейтін Авторландыру қызметіне +7 (727) 266-35-95 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Аймақтық клиенттер үшін көпарналы 8-800-080-1881 тегін нөмірі арқылы.

2. ЖСН-коды
2.1. Ұстаушыға карточканы бергеннен кейін ЖСН-коды жазылған қосымша парағы бар жапсырылған арнайы конверт беріледі. Алған бойда конвертті бірден ашып, ЖСН-кодын жаттап алып, қосымша парақ пен конвертті жою керек.
2.2. ЖСН-коды Банк қызметкерлеріне беймәлім және Карточка ұстаушы Карточканы пайдаланған барлық уақытта оны құпияда сақтауы қажет.
2.3. ЖСН-кодының құпиялылығын қамтамасыз ету үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет:
• егер Карточка ұстаушы ЖСН-кодын әйтеуір бір жерге жазса, Карточка мен жазбаны бөлек сақтау;
• электронды қондырғының пернетақтасында сандық терілетін комбинацияны қайсыбіреудің көруіне мүмкіндік бермеу.
2.4. ЖСН-кодын терген кезде электронды қондырғылардың дисплейіндегі сандар арнайы көрінбейді, шартты белгімен ауыстырылады. Терген кезде қате жібермеу маңызды. Егер үш рет ЖСН-коды дұрыс терілмесе, қатарынан төртінші рет қате жіберілген жағдайда, Банк Карточкаға тосқауыл қояды, мән-жайды айқындағанға дейін ол банкоматта қалып қояды немесе қызмет көрсететін кәсіпорын алып қоюы мүмкін.
2.5. Авторландырудың автоматтандырылған режимінде жүргізілетін және ЖСН-кодын терумен расталатын транзакцияларды Банк Карточка ұстаушы жасады деп есептейді.
2.6. Егер Карточка ұстаушы ЖСН-кодын ұмытып қалса, Карточканы Банкке ауыстыруға береді, өйткені авторландыру-дың автоматтандырылған режимінде операциялар жүргізу мүмкін болмайды.

3. Карточканы пайдалану
3.1. Банк Карточкаға қызмет көрсетуді, өзі тікелей бақылайтын жүйелер мен электронды қондырғылардың кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және Банкке қатысы жоқ себептермен ол тоқтап қалған жағдайда, қызмет көрсетуді қалпына келтіру үшін барлық шараларды қолданады.
3.2. Карточкаға қызмет көрсететін барлық кәсіпорындар Карточка ұстаушыларды осы кәсіпорында Карточка бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі туралы хабардар ету үшін Халықаралық төлем жүйесінің логотипі бар көрсеткіштермен жабдықталады.
3.3. Транзакция жүргізу үшін Карточка ұстаушы қызмет көрсету орнындағы (қызмет көрсететін кәсіпорындағы немесе Банктегі) кассирге Карточкасын береді немесе өзіне-өзі қызмет көрсету режиміндегі банкоматта әрекет етеді.
3.4. Карточканы қабылдаған соң кассир авторландыру үшін авторландыру орталығынан сұрайды.
3.4.1. Дауыс шығарушы авторландыру кезінде кассир сұратуды телефон арқылы орындайды. Авторландырудың жергілікті орталығы сұратуды тіркеп және Халықаралық төлем жүйесімен байланысып, осы сомаға транзакция жүргізуге не рұқсат береді, не тыйым салады. Банктің авторландыру орталығы тек қана Карточка ұстаушыға таныс және өтінішті толтырған кезде оның көрсеткен қосымша ақпаратын (код сөзін, туған күнін және т.с.с.) хабарлауын талап етуге құқылы. Рұқсат алған кезде кассир слиптің бланкісіне Карточканың оң жағының бедерін түсіріп алып, слипті ресімдейді және Карточка ұстаушыға слиптің бланкісін қол қоюға береді. Карточка ұстаушы слипте көрсетілген валюта сомасының, операция жүргізілген күндердің дұрыстығын тексеріп, слипке қол қояды. Карточка ұстаушының қол слипте көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растайды. Кассир Карточка берушінің слиптегі қолы мен Карточканың теріс жағындағы қол үлгісімен сәйкестігін салыстырып, Карточканы қайтарады және Карточка ұстаушыға слиптің бір данасын табыс етеді.
3.4.2. Авторландырудың автоматтандырылған режимінде кассир авторландыруды элекронды терминалдың көмегімен жүзеге асырады. Кассир Карточканы терминалдың санайтын құрылғысына орналастырады, пернетақтада операция сомасын тереді және Карточка ұсынушыға арнайы пернетақтада ЖСН-кодын теру арқылы операцияны растауды ұсынады. Сұрату Банкке байланыс арналары арқылы келеді. ЖСН-кодын дұрыс тергенде және Карт-шотта ақша жеткілікті болғанда, операцияның жасалғанын растайтын чек екі данада шығарылады. Кассир Карточка ұстаушыға чектің бір данасын береді. Карточка ұстаушы чекте көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді. Қабылданған технологияға байланысты шығарылған чек Карточка ұстаушы мен кассирдің қолдарымен куәландырылуы мүмкін.
3.5. Кассир Карточканы берушіден оның жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Құжат болмаған кезде кассир Карточка берушіге транзакция жүргізуден бас тартуға құқылы.
3.6. Дұрыс ЖСН-кодын теру және/немесе Карточка ұстаушының слиптегі/чектегі қолы Карточка ұстаушының карт-шоттан транзакция сомасын есептен шығаруға тапсырмасы болып табылады.
3.7. Кассир осы Ереженің 7 т. талаптарына сәйкес мән-жайларды айқындағанға дейін Карточканы ұстап қалуға құқылы.

4. Қолма-қол ақшаны алу үшін Карточканы пайдалану
4.1. Карточканы пайдалану арқылы қолма-қол ақша Халықаралық төлем жүйелерінің мүшелері болып табылатын банктердің қолма-қол ақшаны беретін орындарында немесе банкоматтардың көмегімен алынады.
4.2. Әдетте қолма-қол ақша тұрған елдің валютасында Карточка бойынша беріледі. Кейбір елдерде Карточка бойынша қолма-қол ақша берудің жиілігі мен ең жоғары сомасы заңдармен шектелуі мүмкін.
4.3. Банк банкоматта және қолма-қол ақша беретін орындарда төлем карточкасы арқылы қызмет көрсету бойынша айына 10 000 АҚШ долларына дейін шектеу қояды. Бұл шектеуді алу үшін карточка ұстаушы 10 000 АҚШ долларынан асып түсетін болжамды шығындары туралы банкті транзакция жүргізілетін күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етуі керек.
Клиенттің жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін Карточкалар үшін шығыс операцияларын жүргізуге айына 300 000 теңгеге дейін шектеу қойылады, бұл ретте Клиент Банктің мұндай операцияларды жүргізуге арналған талаптары мен тарифтерін ескеріп, банктің кассаларында өз жинақ шоты бойынша шығыс операцияларын филиалдың/бөлімшенің белгіленген лимиті шегінде Карточканы пайдаланбай жүргізуге құқылы.
4.4. Банк кассирі Карточканы берушіден оның жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Құжат болмаған кезде кассир Карточка берушіге операция жүргізуден бас тартуға құқылы.
4.5. Төлем карточкасының деректемелерін тексергеннен кейін және жеке басын куәландыратын құжаттарды тексергеннен кейін кассир авторландырудың автоматтандырылған немесе дауыс шығарушы режимде карт-шоттан талап етілетін соманы есептен шығарады.
4.6. Карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақшаны өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде алады. Банкоматтан қолма-қол ақшаны алуға қажетті операциялар тәртібі банкоматтың экранында көрсетіледі.
4.6.1. ЖСН-кодын теріп жатқан кезде Сіздің артыңыздан біреудің қарап тұрмағанына көз жеткізіңіз. Банкоматты пайдаланып тұрған адамға бірнеше қадамға дейін жақындамау керек деген «жазылмаған» ереже бар. Банкоматта ешқандайда қосымша жапсырма мен бөгда заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Банкоматтың пернетақтасындағы пернелері түсіп кетсе, скотчпен немесе өзге де материалдармен желімделсе, карта карт-ридердің ойығына қиын кірсе немесе банкоматтың сыртқы көрінісі Сізде күмән тудырса, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін бұл қондырғының қызметін пайдаланбаңыз.
4.6.2. Операция аяқталғаннан кейін және банкоматтан ақшаны алғаннан кейін чек шығады. Карточка ұстаушыға қатысты ақпараттың құпиялылығына байланысты шығарылған чекті өзімен бірге алып кету және ешқашан оны банкоматтың қасында тастамау керек.
4.6.3. Қолма-қол ақшаны беру операциясы мынадай себептермен жүргізілмейді:
• тиісті номиналдағы банкноталардың болмауы. Осы банкоматтың нұсқаулығында көрсетілген банкноталардың ең төменгі номиналына тең соманы сұрау керек;
• сұратылған сома осы банкоматқа белгіленген бір реттік беру лимитінен асып кетеді. Сұратылған соманы бөліктерге бөліп, операцияны бірнеше рет қайталау қажет;
• сұратылған сома Карточка ұстаушыға қолжетімді ақша сомасынан асып кетеді. Карт-шоттағы ақша қалдығын алдын ала біліп алып, аз соманы сұрау қажет;
• карта тосқауылданған немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен.
4.6.4. Банкоматпен жұмыс істеу барысында, егер Карточка ұстаушы кері қайтарылатын карточканы немесе берілетін ақшаны 20 секунд ішінде алмаса, қорғаныс жүйесі іске қосылады да, Карточка ұстаушының ақшасын сақтау мақсатында банкомат карточканы немесе ақшаны ұстап қалады.
4.6.5. Дұрыс емес ЖСН-кодты терген кезде немесе сұратылған сома Карт-шоттағы ақша қалдығынан асып кетсе, банкоматтың дисплейінде тиісті хабарлама шығады және операция жүргізілмейді.
4.6.6. ЖСН-кодын тергенде ұқыпты болыңыз! Сізге тек үш мүмкіндік беріледі. ЖСН-кодын дұрыс термеу мүмкіндіктерінің жалпы саны шығарылады. Үшінші мүмкіндіктен кейін банкомат Сіздің карточкаңызды ұстап қала алады.
4.6.7. Банкомат Сіздің карточкаңызды ұстап қалған жағдайда, өзіңіздің Банктің менеджеріне хабарласуыңызды өтінеміз. Мұндай мәселеге Сіз шетелде тап болсаңыз, осы банкомат тиесілі банкке хабарласыңыз.

5. Сауда-сервистік кәсіпорында тауар мен қызмет көрсету ақысын төлеу үшін Карточканы пайдалану
Халықаралық төлем жүйесінің ережелері бойынша қызмет көрсететін кәсіпорын Карточкаға ақы төлеу кезінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда тауар мен қызмет көрсету құнын көтеруге құқығы жоқ.
5.1. Транзакция авторландырудың дауыс шығарушы немесе автоматтандырылған режимінде жүргізілуі мүмкін. Авторландыруды алған жағдайда кассир слипті немесе чекті ресімдейді және Карточка ұстаушымен есеп айырысады.
5.2. Карточка ұстаушы Карточка бойынша ақысы төленген сатып алынған затты қайтарып беруге немесе Карточка бойынша алдын ала төленген қызмет ақысынан, мысалы сатып алынған авиабилеттен бас тартуға құқылы. Бұл үшін Карточка ұстаушының талап етуімен және қызмет көрсететін кәсіпорынның келісімімен кассир «сатып алынған затты қайтару» операциясын жүзеге асырады.
5.2.1. Сатып алынған зат авторландыру жүргізілгенге дейін немесе одан кейін қайтарылады.
5.2.1.1. Бірінші жағдайда операция оны ресімдеуді тоқтату арқылы тікелей қызмет көрсету кәсіпорнында тоқтатылады. Карточка ұстаушы өзі слипке әлі қол қоймаса да, Карточканың түсірілген бедері бар слиптің жойылуын бақылауы қажет.
5.2.1.2. Екінші жағдайда Карточка ұстаушы қайтару операциясының жүргізілуін талап етеді, өйткені авторландырудан кейін операция сомасы Карточка ұстаушының карт-шотынан алынады (есептен шығарылады). Қайтару операциясынан кейін кассир Карточка ұстаушы мен кассирдің қолдарымен куәландырылатын арнай қайтару (несие) слипін («reversal slip») ресімдейді немесе арнайы чекті шығару арқылы электронды терминалдың («reversal») арнайы қызметін іске қосады. Бұл кезде Банктің Халықаралық төлем жүйесінен қайтару операциясының жүргізілгені жөніндегі мәліметті алғаннан кейінгі келесі банк күні транзакция сомасы Карточка ұстаушының карт-шотында қайта қалпына келтіріледі. Карточка бойынша қол жетімді соманы есептегенде бұл жағдайды ескеру керек.

6. Карточканы тосқауылдау
6.1. Карточка ұстаушы жоғалту, ұрлау және заңсыз пайдаланудың алдын алу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.
6.2. Жоғарыда аталған әрекеттер орын алған жағдайда, Ұстаушы бір жылдағы 365 күнде тәулік бойы жұмыс істейтін Авторландыру қызметін Карточканы тосқауылдау қажеттігі туралы мына телефондар арқылы дереу хабардар етуі тиіс: +7 (727) 2663-595. Аймақтық клиенттер үшін көпарналы 8-800-080-1881 тегін нөмірі арқылы.
6.3. Карточка ұстаушының кез келген ауызша өтінішпен Банкке баруы ауызша өтінген сәттен кейінгі 48 сағат ішінде міндетті түрде Карточка ұстаушының жазбаша өтінішімен расталуы тиіс.
6.4. Өтініште Карточка ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты және мүмкіндігінше мынадай қосымша ақпарат көрсетіледі: оның туған күні, код сөзі, Карточканың нөмірі мен қолданылу мерзімі, сондай-ақ тосқауылдану себебі. Байланысу үшін мына деректерді көрсеткені абзал: мекенжайы мен телефон нөмірі.
6.5. Банктің Авторландыру орталығы арнайы журналға уақытын жазып талапты тіркейді және оны Халықаралық төлем жүйесіне береді.
6.6. Банктің Авторландыру орталығына телефон арқылы хабарласу кез келген ықтимал даулы жағдайларды талдау үшін магнит тасымалдаушыда тіркеледі.
6.7. Карточканы тосқауылдау Банктің Авторландыру орталығында талапты құжаттық тіркеу сәтінен кейінгі алты сағат өткенде күшіне енеді.
6.8. Егер жоғарыда айтылған жағдайлар шетелде болса, эмитентпен көрсетілген телефондар арқылы байланыса алмаса, Ұстаушы VISA Global Assistance Service бүкіләлемдік көмек қызметін хабардар ету қажет немесе Халықаралық төлем жүйесінің мүшесі – кез келген жергілікті банкке хабарласу қажет.
6.9. Бұрын жоғалған/ұрланған немесе заңсыз пайдаланылатын Карточканы тапқан кезде, Карточка ұстаушы Банкке бұл туралы дереу хабарлауы, сосын Карточканы Банкке қайтаруы керек.
6.10. Карточка ұстаушы Карточканы тосқауылдаудың күшіне енуіне дейін жүзеге асырылған операциялар үшін жауап береді және одан карточканы тосқауылдау күшіне енген сәттен бастап жауапкершіліктен босатылады.
6.11. Тосқауылдау туралы талап Карточка ұстаушыдан шыққан болып саналады және Банк Карточканы тосқауылдаудың салдарына шағымдарды қабылдамайды.
6.12. Карточканы сақтау кезінде Карточка ұстаушының жіберген немқұрайлылығы немесе Карточканы тосқауылдағаннан кейін де ЖСН-кодының құпиялылығын сақтамаған жағдайда, сондай-ақ Карточка ұстаушының құқыққа қарсы қасақана істеген әрекеттері жағдайында Банк Карточка ұстаушыға жауапкершілік шарасын айқындау құқығын өзіне қалдырады.

7. Карточканы ұстап қалу
7.1. Карточка қызмет көрсету кәсіпорнында мына жағдайларда ұстап қалынады:
- Карточка тосқауылданса;
- Карточканы ұсынушы оның Ұстаушысы болмаса;
- Карточка ұстаушы транзакция жүргізілгеннен кейін Карточканы қызмет көрсететін кәсіпорында ұмытып кетсе.
7.2. Карточканы банкомат, қызмет көрсететін кәсіпорынның кассирі, Банк карточкалары басқармасының (бөлімінің) немесе Банктің Экономикалық қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұстап қалады. Карточканы ұстап қалғанда (оны банкомат ұстап қалған жағдайларды қоспағанда) тиісті акт жасалады.
7.3. Банкке немесе Халықаралық төлем жүйесінің мүшесі – жергілікті банкке Карточка ұстаушының ауызша (телефон арқылы) немесе жазбаша өтінішпен барған күнінен кейінгі келесі банк күнінен кешіктірмей Банк Карточканы ұстап қалу себебін анықтайды.
7.4. Жергілікті банк немесе Банк (ұстап қалынған Карточка Банкке жеткізілген жағдайда) тиісті шешім қабылдаған соң, Банк ұстап қалынған Карточканы тікелей Карточка ұстаушыға Карточка ұстаушының жазбаша өтінішімен қайтарады.

8. Карточканың қолданылу мерзімі, Карточканы пайдалануды тоқтату
8.1. Карточкада оның қолданылу мерзімінің өтетін күні (айы, жылы) көрсетіледі. Карточка онда көрсетілген айдың соңғы күніне дейін жарамды. Барлық мерзімі өткен Карточкалар тосқауылданады және Банкке тапсырылуы тиіс.
8.2. Банк тосқауыл қойылған күннен кейінгі 10 банк күні ішінде Карточка ұстаушыны кейіннен хабардар ете отырып, Карточканы тосқауылдауға құқылы.
8.3. Пайдаланудан бас тартқан жағдайда, Ұстаушы тиісті жазбаша өтінішімен Банкке баруға және Карточканы тапсыруға міндетті.

9. Карточканы ауыстыру немесе жаңасын шығару
9.1. Карточка ұстаушының Банкке берген жазбаша өтінімінің негізінде Карточка ауыстырылады немесе жоғалғанының орнына жаңасы шығарылады.
9.2. Карточканың пайдалану мерзімі өткенде, ол зақымданғанда, ЖСН-коды белгілі болып қалғанда, Карточка ұстаушы ЖСН-кодын ұмытып қалғанда, сондай-ақ Карточка ұстаушының қалауымен Карточка ауыстырылады. Ауыстырылатын Карточка Банкке өткізілуі тиіс.

10. Дауларды реттеу
10.1. Карточка ұстаушы Карт-шоттағы ақшаны жұмсаудың есебін жүргізу және ықтимал дауларды реттеу үшін слиптер мен чектерді сақтауы қажет.
10.2. Карточка ұстаушы Банктен карт-шоттан ақшаны есептен шығарудың дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмесін талап етуге құқылы.
10.3. Карточка ұстаушы барлық даулар бойынша Банкке жазбаша сұрату жібереді, шағымдар қабылданған жағдайда, Банк Халықаралық төлем жүйесінің алдында Карточка ұстаушының атынан сөйлейді. Халықаралық төлем жүйесінің ережелерінде даулы транзакцияны қарау бойынша ескіру мерзімі белгіленген – оны карт-шоттан дебеттеу күнінен кейінгі 30 күн. Шағым дәлелденген жағдайда, сома карт-шотта қайта қалпына келтіріледі. Шағымды реттегенге дейін карт-шоттағы бұрын дебеттелген сома қалпына келтірілмейді. Халықаралық төлем жүйесі дәлелденбеген шағымдарды даулы транзакция сомасынан асып кететін айыппұлмен жазалайды. Банк Карточка ұстаушының келісімінсіз айыппұл мен дәлелденбеген шағым сомасын Карт-шоттан алып қоюға құқылы.

Карточка өнімдерінің барлық мәселелері бойынша «Kaspi Bank» АҚ
Төлем карталарын авторландыру қызметіне + 7 (727) 266-35-95 нөмірі арқылы хабарласуға болады.





КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер