Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Банк тарихы

 

1991 жылғы 1 қаңтар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әл Барака Қазақстан» Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін "Каспийский" Банкі" ААҚ  оның құқықтық мұрагері болды. «Әл Барака Қазақстан» ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін  иеленді. Алты жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.

1997 жылғы 12 қаңтар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес міндетті қайта тіркеу жұмыстарын жүргізуге байланысты "Әл Барака Қазақстан" ХБ  атауы "Каспийский" Банкі" Жабық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді. 

1997 жылғы сәуір
«Каспийский» Банкі» ЖАҚ мен «Қаздорбанк» ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.
 
1997 жылғы 12 желтоқсан
«Каспийский» Банкі» ЖАҚ пен «Қаздорбанк» ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде құрылған «Каспийский» Банкі» ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді.

2000 жылғы 16 ақпан
Банк «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ қатысушысы болады. №0011 куәлік.

2002 жылғы қаңтар
Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді.

2003 жылғы 1 тамыз
2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Каспийский» Банкі» ААҚ «Каспийский» Банкі» АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

2003 жылғы 2 желтоқсан 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша «Каспийский» Банкі» АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.

2006 жыл
Әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты инвестициялық қорлардың бірі «Бэринг Шығыс Прайвит Эквити Фанд» институционалды инвесторының «Каспийский» Банкінің акционері болып келуі елеулі оқиға. «Бэринг Шығыстың» басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. «Бэринг Шығыс» ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $12,2 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын «Baring Private Equity International» тобының құрамына кіреді.

2008ж. 15 қараша
kaspi bank жаңа бренді іске қосылды. Қазақстан халқының назарына жаңа пішімдегі – жарқын, ешкімге ұқсамайтын, заманауи банк ұсынылды.

2008ж. 15 қараша
Алматы қаласында Абай даңғылының бойында жаңа пішімдегі алғашқы «Стадион» бөлімшесі ашылды.

2009ж. ақпан
«Просто о финансах» атты клиенттік журналдың алғашқы шығарылымы шықты. Журнал – қолжетімді, қызықты, онда оқырмандарға банктік өнімдер туралы айтылады, атап айтқанда халықтың қаржылық ликбезімен айналысады. 2012 жылы «Просто о финансах» журналы PR-форумы аясында өткізілген конкурстың жеңімпазы атанды. 200 000 дана тиражбен шығатын журнал Қазақстандағы ең үздік корпоративтік басылым болып танылды.

2009ж. желтоқсан
Жылдың қорытындысы бойынша kaspi bank «Қазақстандағы Жыл Банкі» атағына ие болды. Бұл атақты қаржы өндірісіндегі ең танымал басылымдардың бірі болып табылатын «The Banker» (Financial Times) журналы берді. Басылым өз таңдауын былай деп түсіндірді: «Сырттағы қиын әсерге қарамастан, kaspi bank қарқынды түрде дамып, бөлшек бизнес саласында өзіне лайық орынға ие бола білді. – Жоғары деңгейдегі технологияның, кәсіби басқару командасының, сыртқы капитал нарығында қаржыландыруға тәуелділігінің аз болуының арқасында kaspi bank осыларға қол жеткізді».

2010ж. күз
«100 бөлімше» жобасы іске қосылды. Kaspi бүкіл Қазақстан бойынша менеджер мен клиенттің өзара қарым-қатынас орнатуына жарық, жайлы, ыңғайлы бөлімшелер аша бастады. 2011ж. қазан айында сәтті түрде іске асырылды. kaspi-дің бөлімшелері әлі күнге дейін ашылу үстінде. Қазіргі таңда банктің сатылым желілері ең ірі сатылым желілерінің бірі болып табылады.

2012ж. наурыз
kaspi.kz интернет бөлімшесі ашылды. Түсінікті интерфейс, пайдалануға оңайлығы және төлемдер үшін комиссияның жоқтығы оның ерекшелігін құрайды. 2013ж. наурыз айында kaspi.kz арқылы миллионыншы төлем жасалды!

2012ж. мамыр
kaspi қазақстандықтарға ең жылдам кепіл автонесиесін ұсынды. Клиент несиеге берілетн мақұлдауды 30 минуттың ішінде ала алады. Банк кепілді ресімдеу, сақтандыруды ресімдеу, автоны МИД-да тіркеу шығыстарын өз мойнына алды. Клиент көліктің кілтін санаулы-ақ күндерде алады. Жарты жылдан кейін, 2012 жылғы қарашада kaspi автонесиелеу нарығында №1 атанды.

2012ж. қыркүйек
Алматы қ., Наурызбай батыр, 154А мекенжайында орналасқан жаңа Бас офиске қоныс аударды. Ғимараттың дизайны – kaspi-дің стилінің көрінісі – ашықтық, еш кедергілерсіз, шегарасыз еркін араласу.

2012ж. қазан
kaspi бөлшек портфелінің мөлшері бойынша Қазақстанда №1 атанды.

2013ж. маусым
kaspi депозиттік портфелінің мөлшері бойынша Қазақстан нарығында №3 атанды.

2013ж. шілде
kaspi-дің барлық бөлімшелері мен филиалдары аптасына 7 күн, үзіліссіз және жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін режимге көшеді. Kaspi – мұндай кестемен жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз банк.

2013ж. шілде
Мобильді төлемдер үшін алынатын комиссияларға соғыс жариялады. Үйдің қасындағы дүкендерге, вокзалдарға, дәріханалар мен кафелерге kaspi терминалын орнату басталды. Бұл терминалдар арқылы ұялы телефон балансын комиссиясыз толтыруға, депозитті толықтырып, несиені төлеуге болады. Осының барлығы бөлімшеге кірместен және кезекте тұрып уақыт жоғалтпастан, үйіңіздің немесе жұмысыңыздың қасында жасалады. 2014ж. маусымға дейін 3000 терминалдан артық терминал орнатылды.

2013ж. қазан
Голливуд жұлдызы Антонио Бандерас kaspi менеджері болып жұмыс істеп, жаңа туылған нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін «Тыныс ал, балақай» жобасының аясында «Аяла» қайырымдылық қорына 38 миллион теңге табыс етті. kaspi bank 5 жыл көлемінде 60 млн.теңгеден астам қаражат бөлді, осының есебінен Алматы қаласындағы барлық перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың балалар реанимация бөлімі өмірлік қажетті медициналық аппараттарға қол жеткізді. 38 миллион транш Орал, Ақтау, Түркістан қалаларындағы облыстық перинаталдық орталықтарды жабдықтау үшін бөлінді. Орнатылған жабдық салмағы өте аз сәбилердің өмір сүруін 5 есеге дейін арттырады!

2013ж. қазан
kaspi bank халықаралық капитал нарығында 200 миллион доллар тартты. Бұл мәміле – Қазақстанның банктік секторы үшін соңғы екі жылдағы алғашқы айтарлықтай оқиға. Сарапшылардың ойынша kaspi bank-тің бұл әрекеті қазақстандық банктерге халықаралық капитал нарығына жол ашады және инвесторлардың сенімін қайтарады.

2014ж. ақпан
Үш қазақстандық банкке, соның ішінде kaspi-ге арандатушылық sms-шабуыл жасалды. Шабуыл жасалғаннан кейін 72 сағаттан соң kaspi үш мәрте «Рақмет» айтты. Арандатушылыққа бой алдырмай, банкке деген сенімін жоғалтпаған барлық клиенттерге рақмет. Барынша қысқа мерзімде клиенттердің талаптарын қанағаттандыру үшін аянбай еңбек еткен қызметкерлерге рақмет. Банкті құлдыратқысы келген теріс ниетті адамдарға және sms-террористерге рақмет. Нәтижесінде kaspi әрі оның қызметкерлерінің командасы қанатын қатайтты, ал сенімді банктің беделі арта түсті.

2014ж. сәуір
kaspi «Әр сынақ бізді шыңдай түседі» науқанын іске қосты. Сочиде өткен Олимпиаданың жалғыз қазақстандық жүлдегері Денис Тен бұл науқанның алғашқы кейіпкері атанды.

2014 ж. маусым
«Kaspi Bank» АҚ барлық қазақстандықтар үшін жаңа дизайндағы және функционалы бар kaspi.kz сайтын ұсынды. kaspi.kz -те шоттарды үйден шықпай-ақ 1 минутта комиссиясыз төлеуге болады.

2014 ж. қыркүйек
«Қаһармандар Kaspi-мен бірге» имидждік науқаны басталды. Оның аясында Kaspi таңғаларлық нәтижеге қол жеткізген қарапайым қазақстандықтар жайлы әңгімелейді. Бұл адамдар бізбен бірге және біздің заманда өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы мүмкіндіктің аясын кеңейтіп, «жоқ» деген сөзді қабылдамай, қажырлы еңбегімен бірегей нәтижеге қол жеткізді.
Алғашқы қаһарман Марат Жыланбаев болды.

2014 ж. қыркүйек
Ақпараттық технологияларды, математиканы, статистиканы, эконометриканы оқып-игеріп жүрген студенттер үшін «Kaspi деректер зертханасы» жобасы іске қосылды. Олар үшін екі айдан асатын курс әзірленді және одан кейін алған білімдерін тестіледі. Тестіні сәтті тапсырған студенттер Kaspi Bank-тің талдау бөліміне жұмысқа шақырту алды.

2014 ж. желтоқсан
Kaspi бонустық бағдарламаны іске қосты. Кaspi Бонус – бұл kaspi.kz арқылы сатып алып, төлем жасайтын клиенттерге айтқан рақметіміз. Жиналған бонусты қызмет ақысын төлеуге бірден жұмсауға болады. 1 бонус = 1 теңге.

2014 ж. желтоқсан
Kaspi Bank тауар таңдау және сатып алу бойынша бірегей сервис Kaspi Магазинді ұсынады. Жаңа инновациялық онлайн сервис қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ тауар таңдап, сатып алуға несиені мақұлдауды алуға мүмкіндік береді.

2015 ж. қаңтар
Kaspi «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» науқанының кезекті қатысушысы Тұяқ Есқожинаны таныстырды, ол, аты айтып тұрғандай, ата-анасының зарыға күткен жалғызы бола отырып, Қазақстандағы тату-тәтті әрі ең үлкен отбасының анасы болды. Оны үш жүз елу баланың анасы деп атайды!

2015 ж. сәуір
Kaspi Bank және kolesa.kz сайты «Колёса тексерген» атты бірегей сервисті іске қосты. Ол сатушыларға автомобильді тезірек сатуға, ал сатып алушылардың тексерген автомобильді таңдап, 1 күннің ішінде несиеге көлік сатып алуына мүмкіндік береді.

2015 ж. мамыр
Kaspi «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» бірегей бағдарламасын жалғастыруда. Осы жолы «Kaspi-мен бірге Қаһарман» белгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев болды. Ол серіктестерімен бірге топпен мұзды жел мен сақылдаған аязда шыңы 8 000 метрден асатын әлемнің барлық ең биік 14 шыңын бағындырды.





КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер