Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Аккредитивтер

 

Құжаттандырылған аккредитивтер – сатушы аккредитив шарттарына толық сәйкестендіріліп ресімделген құжаттарды банкке ұсынған жағдайда, банктің бенефициарға (сатушыға) тауар құнын (қызметін) төлеу міндеттемесі (қызметі).

Расталған және расталмаған аккредитивтер

Расталмаған аккредитив эмитент банк тарапынан төлем міндеттемесін талап етеді. Үшінші банк растаған аккредитив бенефициар аккредитив ашқан банк міндеттемелерімен қатар банктің төлем жүргізуін растайтын тең бағалы және өз бетінше міндеттемелерді алады.

Трансферабельді (аударымды) аккредитив

Ол бойынша бенефициар орындаушы банкке барлық аккредитивті немесе оның бөлігін бірнеше басқа тұлғаларға (екінші бенефициарға) аударуына уәкімдік беруге құқығы бар аккредитив аударымды болып табылады.

"Қызыл түсіндірмелі" аккредитив

"Қызыл түсіндірмелі" аккредитивтер экспорттаушыға аванстық төлем ретінде барлық тауарға өкімші құжаттарды ұсынғанға дейін аккредитив бойынша қаражаттың жартысын алуға мүмкіндік береді. Соңғысы, негізінен өндірісті қаржыландыру үшін және аккредитив бойынша берілетен тауарды тұтынуға, сондай-ақ сатып алу және тауарды экспорттауға (оны сатып алушыға тиеу алдында) арналған төлем үшін жасалған.

Ұсыну бойынша төлеммен аккредитив
  

Аккредитив бойынша төлем аккредитив шарттарына толық сәйкестендіріліп ресімделген құжаттар банкке ұсынылғаннан кейін және банк оларды тексеруді жүзеге асырғаннан кейін бірден беріледі. 

Төлем мерзімі кейінге қалдырылған аккредитивтер


Төлем банкке құжаттар ұсынылғаннан кейін және олар тексерілгеннен кейін бірден жасалмайды, аккредитивте көрсетілген белгілі уақыт ішінде жүргізіледі. Мұндай аккредитив сатып алушыға төлем мерзімін кейінге қалдыруға жол береді, ал сатушының белгілі сәтте ақша алуына кепілдік береді. 

Револьверлік (жаңартылатын) аккредитив


Револьверлік (жаңартылатын) аккредитивтер аккредитивтің бастапқы сомасын қайтару шартымен келісімшарт құнының жартысына немесе белгілі уақыттан кейін немесе аккредитивті әрбір пайдаланудан кейін алдын ала келісілген басқа сомаға ашылады. Револьверлік аккредитивтер арасында кумулятивті және кумулятивті емес түрлері болады. Кумулятивті – пайдаланылмаған қалдықты жаңартылатын сомаға қосуды көздесе, кумулятивті емес аккредитивтер алғашқы сомаға дейін ғана жаңартылады.
Револьверлік аккредитивтер шығасыларды барынша азайту үшін белгілі тауар бөлігін жүйелі тиеумен үлкен сомада келісімшарт бойынша есеп айырысу кезінде қолданылады (мысалы, танкерлер мұнайды тиеген кезде).
 
Резервті аккредитив (STAND-BY) 

"Stand-by" үлгісіндегі аккредитивтер (резервті аккредитивтер) контрагенттердің келісімшарт (шарт) бойынша өз мойындарына алған міндеттемелерін орындауға кепілдік беру үшін қолданылады. Яғни, аккредитивтің бұл түрі есеп айырысу құралы емес, принципалдың (өтініш берушінің) міндеттемелерін қамтамасыз ету құралы ретінде қолданылады. Резервтік аккредитив бойынша төлем аккредитивте көрсетілген құжаттарды (әдетте бұл контрагенттердің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамағандығын растайтын құжаттар) көрсетуге қарсы жүргізіледі. Бұл кезде бенефициар принципал келісімшарт бойынша өз  міндеттемелерін бұзған жағдайда, аккредитивтерді пайдалануына болады. АҚШ-та мұндай аккредитивтер кең тараған және АҚШ-тың көптеген қалаларының заңды құқығына сәйкес банктерде берілмейтін бізде қабылданған кепілдіктерді алмастырады. Канада заңнамасында ішкі сауда әрекетін жүзеге асыру кезінде кепілдіктерді пайдалануға тыйым салынған .              

"Kaspi Bank" АҚ-тың қаржыландыруды пайдалану арқылы импорттық аккредитивтерді ашу шарттары:

• Қазақстандық импортерлерге келісімшарттағы «Kaspi Bank» АҚ ашқан аккредитив есеп айырысу үлгісі болып табылатындығы туралы жазуды қарау қажет;
• Ақшалай орнын толтыруды қамтамасыз ету немесе аккредитив бойынша орнын толытыруды қалыптастыру үшін Банктік қарыз шартын ресімдеу;
• Аккредитивтің орнын толтыру үшін "Kaspi Bank" АҚ-на құжаттарды ұсыну;

Импорттаушылап үшін артықшылықтар:

• Сауда қаржыландыру құралының құны басқа қызметтерге қарағанда төмен, мысалы мерзімі мен сомасы бойынша клиентті қаражатты мақсатсыз пайдалануға несиелеу сомасымен немесе айналым капиталын толықтыруға несиелеу сомасымен салыстыруға болады;
• Берешекті(төлемнің мерзімін ұзақ уақытқа ұзартуды қоса) өтеу кестесінің құрылымын болашақтағы аккредитив бойынша төлемдерді өз қызығушылықтарын ескере отырып, жобаны жүзеге асырудан түсетін болжалды ақша ағымымен жоғары деңгейде сәйкес келетіндей етіп қалыптастыру мүмкіндігі;
• Аванстық төлем сомасын аккредитив шеңберінде қаржыландыру мүмкіндігі.   

Тарифтер





КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер