Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы

Саудалық қаржыландыру

Сауданы қаржыландыру құралдарын пайдалану «Kaspi Bank» АҚ-ға экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық және қаржылық тәуекелдіктердің біршама төмендеуіне қол жеткізуге, шығындарды азайтуға, сондай-ақ қаржылық ағынды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«Kaspi Bank» АҚ саудалық қаржыландыру саласында ірі халықаралық банктермен ынтымақтастықта.

Саудалық қаржыландыру бойынша контрагент-банктердің тізімі:

 Австрия   RZB
Bank Austria 
 Бельгия   KBC
 Ұлыбритания   Standard Bank London
HSBC
 Германия   Dresdner Bank AG
Hypo Vereins Bank
Commerzbank AG
Landesbank Berlin
Indover Bank
 Голландия   ING Bank, Amsterdam
Rabo Bank 
 Италия    SanPaolo IMI 
 Канада   Bank of Montreal
 Қытай   Bank of China
Bank Overseas Chinese
Industrial and Commercial bank of China
 Корея   Ex-Im Bank Korea 
 БАЭ   Mashreq Bank
National Bank of Dubai
 Ресей   Сбербанк РФ
Внешторгбанк
Абсолют Банк
Банк Зенит
Промсвязьбанк
 АҚШ   Citigroup
Wachovia Bank
American Express Bank
Bank of New York
 Финляндия   OKO Bank
 Франция   Calyon Bank
Societe Generale
 Швейцария   Credit Suisse First Boston
UBS
 Швеция    Swedbank, Stockholm

«Kaspi Bank» АҚ саудалық қаржыландыру шеңберінде мыналарды қоса бірқатар өнімдермен жұмыс істейді:

Тауар сатып алуды (қызмет көрсетуді) қысқа мерзімді қаржыландыру:

Қаржыландыру мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін, төлеу түрі – аккредитив.

Осы қаржыландыруды пайдалану артықшылықтары:
  • Несиелеудің әдеттегі шарттары кезіндегі пайыздық мөлшерлемеге қарағанда пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай төмен
  • Айналымдағы қаражатты жұмсамауға мүмкіндік береді
  • Жеткізуші тауарды тиегеннен кейін бірден ақысын алады
  • Қарызды кезең соңында біржолғы қайтару мүмкіндігі

Біздің Банк өз тәжірибесінде клиенттерге экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі коммерциялық және қаржылық тәуекелдіктерді айтарлықтай төмендетуге қол жеткізетін аккредитив және кепілдік сияқты құралдарды пайдаланады.

Сатып алушы үшін артықшылықтар:

  • Сатушы тауарды тиеуді/қызмет көрсетуді орындамайынша, ол тауар ақысын алмайтынына кепілдік
  • Аккредитив шарттарында көзделген талаптар мен мерзімдерге сәйкес тауарды алу кепілдігі

Сатушы үшін артықшылықтар:

  • Аккредитивтің барлық шарттарын орындаған кезде, Сатып алушыдан тәуелсіз, төлемақыны алу кепілдігі
  • Расталған аккредитивті пайдаланған жағдайда, төлемнің қосарлама кепілдігін алу мүмкіндігі.

Қос Тарап үшін артықшылықтар:

  • Барлық аккредитивтер кеңінен қолданылады және түсінікті, сондай-ақ Халықаралық Сауда Палатасымен (Париж қ., 1993 ж.) бекітілген UCP 500-құжаттамалық аккредитивтер үшін Жүйеленген Ережелер мен Дәстүрлерге бағынады, бұл пайдалануды және мәселелерді шешуді қарапайым етеді.
  • Қаржы құралы ретінде аккредитивтің икемділігі әр түрлі схемаларды пайдалануға және сонымен күрделі коммерциялық келісімшарттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

СХЕМА

Аккредитивтің негізгі түрлері:

1. Көрсеткен кездегі төлем
2. Төлем мерзімін жылжыту арқылы
3. Трансферабельдік/аударымдық аккредитив
4. Револьверлік/жаңартылатын аккредитив
5. «Қызыл ескертпелі» аккредитив/аванстық төлеммен

 Ұзақ мерзімді қаржыландыру

Біз Сіздерге негізгі өндіріс құралдарын (машиналар, құрал-жабдықтар) сатып алуға ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады.

Экспорттық-несиелік агентіктердің (ЭНА) кепілдігімен батыстық коммерциялық банктерді тарта отырып, импорттық операцияларды қаржыландыру. Осы қызмет аясында kaspi bank 7 жылға дейін орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруды Сатып алушыға шетелдік ЭНА жабу кепілдігімен коммерциялық банктен алынатын мақсатты несие бойынша жеңілдік мөлшерлемесімен несие беру арқылы ұйымдастырады.

ЭНА – Сатушының саяси және/немесе коммерциялық тәуекелдіктерін жабу жөніндегі Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму Ұйымы елдеріндегі мемлекеттік (немесе мемлекеттік меншіктің үлкен үлесі бар) кәсіпорын.

Осы қаржыландыру схемасы «Kaspi Bank» АҚ клиенттеріне тартылатын қаражаттың құнын төмендетуге және жаңа да, қолданылған да құрал-жабдықтарды, автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мүмкіндігі арқылы қаржыландыру мерзімдерін ұзартуға мүмкіндік береді.

ЭНА-ның жабуды сақтандыруымен қаржыландырудың негізгі параметрлері:

  • Алдын ала төлемнің 15% жоғарысы Сатып алушының есебінен төленеді (сондай-ақ осы сомаға қысқа мерзімді қаржыландыру мүмкіндігі)
  • kaspi bank мен қаржыландыратын шетелдік банк арасында жасалатын банкаралық несиелік келісім аясында 85% дейін қаржыландырылады
  • Төлем құралы: қайтарусыз расталмаған аккредитив
  • Несие мерзімі – 2 жылдан 7 жылға дейін

Несиені өтеу тең жүйелі жартыжылдық төлемдермен жүзеге асырылады.

Біз осындай қаржыландыруды мына елдерден алынатын импорт үшін ұйымдастыра аламыз:

 Елдер

 

 ЭНА

 Австрия

   OeKB
 Бельгия    Ducroire-Delcredere
 Бермуды    Exporters Insurance Company
 Ұлыбритания    ECGD
 Германия    Gerling, HERMES
 Гонконг    HKECIC
 Дания    EKF
 Израиль    IFTRIC
 Испания    CESCE
 Италия    SACE
 Канада   EDC
 Корея   KEIC
 Нидерландтар   NCM
 Норвегия   GIEK
 Польша   ЦКВ
 Португалия   COSEC
 АҚШ   Ex-Im Bank
 Турция   Turk Ex-Im Bank
 Франция   Coface Group
 Финляндия   Finnvera
 Чехия   EGAP
 Швейцария   ERG 
 Швеция   EKN
 Жапония   JBIC 

Қолма-қол қаржыландыру
Клиенттерімізге біз сондай-ақ саудалық келісімшарттармен қолма-қол қаржыландыруды ұсынамыз. Мұндай қаржыландыру кезінде төлем түрі ретінде аккредитивті пайдалану қажет емес. Әдетте ол шетелдік серіктестермен жақсы қарым-қатынас орнатылғанда және келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамау жағдайлары орын алмағанда пайдаланылады. Төлем түрі – тікелей банктік аударым.

Мақсатты бағдарламалар
Біздің Банк Сіздерге мына мақсатты бағдарламалар бойынша құрылымдық қаржыландыруды ұсынады:

Оңтүстік Кореядан келген жеткізушілермен жұмыс істейтін импорттайтын компаниялар үшін біздің Банк Оңтүстік Кореядан әкелінетін тауарларды, қызметтер мен құрал-жабдықтарды импорттауды қаржыландыру бойынша мына қызметтерді ұсынады:

Өндірістік зауыттар мен басқа да негізгі құрал-жабдықтар, қаржыландыру – 5 жылға дейін
Тұтыну тауарлары – 2 жылға дейін
Шикізат, қосалқы бөлшектері мен жиынтықтары – 2 жылға дейін
Қарыз валютасы:: USD
Өтеу:: өтеу кестесіне сәйкес әр алты ай сайын

Қаржыландыру шарттары::

Мәміле сомасы

Қаржыландырудың ең жоғары мерзімі

500.000 USD дейін

 3 жыл

500.000 USD бастап 2.000.000 USD дейін

 4 жыл

USD 2.000.000 және одан жоғары

 5 жыл

Осы тауарларды қаржыландыру Кореяның Экспорттық-импорттық Банкімен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Анықтама: өзінің 1976 жылы құрылған сәтінен бастап The Export-Import Bank of Korea (KEXIM) Оңтүстік Кореяның халықаралық бизнеспен айналысатын оңтүстік кореялық компанияларды экспорттық несиелеуді және жобалауды қаржыландыруды қамсыздандыратын мемлекеттік экспорттық несиелік агенттігі болып табылады.

АҚШ-тан ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілермен жұмыс істейтін импорттаушы компаниялар үшін біз қаржыландырудың мына шарттарын ұсынамыз:
Мақсаты:
жем, талшықтар немесе олардан жасалатын бұйымдар сияқты ауыл шарушылығы тауарларын сатып алу. Бұған пиломатериалдар мен целлюлоза сияқты орман өнімдерін, сондай-ақ АҚШ Конгресі осы бағдарламаның мақсаты үшін ауыл шарушылығы өнімдері санатына жатқызған балықты жатқызуға болады.
Мақта, алкгольдік сусындар, өсімдік майы, асыл тұқымды құс және телеграфтық бағандар сияқты әр түрлі өнімдер арқылы несиелік жабу қамсыздандырылады.
Қарыз валютасы: USD
Қаржыландыру мерзімі: 3 жылға дейін
Өтеу: өтеу кестесіне сәйкес әр алты ай сайын
Бұл қаржыландыру GSM 102 бағдарламасы аясында жүргізіледі.

Анықтама: GSM 102, АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасы, шетелдік банктерден алынатын төлемдерге кепілдік беретін экспорттық несиелеу кепілдігі бағдарламасын жүзеге асырады.

АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі жекелеген ел немесе аймақ үшін, егер нәтижесінде бұл Құрама Штаттарының экспорттық нарығын қолдауға немесе кеңейтуге алып келсе, АҚШ-тың кез келген ауыл шаруашылығы өніміне кепілдік беру туралы мәселені қарастыруға дайын.

Саудалық қаржыландырудың барлық түрлерін ұйымдастыру клиенттің тек банктің несие комитетінен өткенінен кейін және оған несиелеу лимитін белгілегеннен кейін ғана мүмкін болады.
Аккредитивтерді пайдалану арқылы жеңілдікті қаржыландыруды алу рәсімінің несиені ресімдеудің стандарт тәртібінен айырмашылығы жоқ.

Біздің Банктің мамандары тұрақты кеңес беру қызметін көрсетеді және бизнес серіктестермен келіссөздер барысында ықпал етуге дайын. Қызметкерлердің жоғары біліктілігі әлемнің кез келген нүктесінде шетелдік серіктестермен жасалатын мәмілелерді қаржылық және логистикалық бағалауға нақты жәрдемдеседі.

Біздің білікті қызметкерлеріміз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын және мынадай көмектер көрсетеді:

  • Саудалық қаржыландырудың барлық өнімдерін ашу және жүргізу бойынша кеңестер беру
  • Қаржыландыру құрылымын Сіздің талаптарыңызға сәйкес жеке дайындауға көмек беру
  • Саудалық келісімшарттарды жасау бойынша кеңестер беру
  • Шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуге көмек беру
  • Корреспондент-банктер туралы ақпарат беру

Барлық сұрақтар бойынша кеңестер алу үшін kaspi bank-інің жақын орналасқан филиалына хабарласуды сұраймыз.





КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер