Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы

Жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың типтік (үлгі) шарттары

Осы «Kaspi Bank» АҚ-да жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың типтік (үлгі) шарттары (бұдан әрі – Типтік шарттар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіппен Клиент пен Банк арасында жасалған жеке тұлғаның ағымдағы банк шоты шартын жасауға және орындауға байланысты Клиент пен Банк арасындағы қарым-қатынасты реттейді.  

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

1.1. Осы Типтік шарттардың мақсаты үшін Банк пен Клиент арасында жасалған жеке тұлғаның ағымдағы банк шоты шартында қолданылатын терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ, егер мәтінде тікелей өзгеше көрсетілмесе, мынадай мағынадағы терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1.1.1. Банк – «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы;
1.1.2. Шарт – Клиенттің ағымдағы банк шотын ашу, жүргізу (қызмет көрсету) және жабу тәртібі туралы Банк пен Клиент арасында жасалған жеке тұлғаның ағымдағы банк шоты шарты;
1.1.3. Клиент – Шарт бойынша Тарап болып табылатын жеке тұлға;
1.1.4. Шот – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысы жоқ, Клиенттің Шартқа сәйкес ашылған ағымдағы банк шоты;
1.1.5. Банк Тарифтері – Банктің қызметіне байланысты оның қызметі үшін төленетін, Банктің уәкілетті органымен бекітілген, Банк қызметіне ақы төленген күнгі қолданыстағы комиссиялар мен сыйақылардың мөлшерлемелері.
1.2. Шартта және осы Типтік шарттарда қолданылатын басқа да терминдер мен анықтамалардың, егер мұндайлар қолданылатын мәтіндерде тікелей өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мағынасы бар. 

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Тараптар Шартқа қол қойған сәтке дейін Банк осы Типтік шарттарда көзделген қызметтерді көрсетуге және жауапкершілікті көтеруге міндетті емес. Осы Типтік шарттар Шартқа қол қойған күннен бастап Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2.2. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Клиенттің Шотын ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады. 

3. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Банк:
3.1.1. Жасалған Шартқа сай Клиентке жеке сәйкестендіру коды бар Шот ашуға;
3.1.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен және мерзімде Клиенттің Шоты бойынша мыналармен:
3.1.2.1. Клиент талаптарды (нұсқауларды) қойған кезде, оған тиесілі ақшаның (Шоттағы ақша қалдығының шегінде) болуын қамтамасыз етумен байланысты операциялар жүргізуге. Бұл кезде Банкте Шот валютасындағы ақша болмаған жағдайда, Банк Клиентке қажетті ақша қаражатын басқа валютада операцияларды жүргізген күні Банктің белгілеген айырбастау бағамы бойынша комиссия ұстамай беруге міндеттенеді. Бұл кезде Клиентке тиісті валютада шот ашылады;  
3.1.2.2. Клиенттің пайдасына ақша сомасын қабылдаумен (есепке алумен);
3.1.2.3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) Шартта (Типтік шарттарда) көзделген негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен;
3.1.2.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес ресімделген кассалық құжаттар бойынша Клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдаумен және Клиентке берумен;
3.1.2.5. Шартта (Типтік шарттарда) көзделген тәртіппен үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы Клиенттің өкімін орындаумен байланысты операцияларды жүргізуге;
сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Шартта (Типтік шарттарда) және Клиентпен жасасқан басқа шарттарда көзделген өзге де операцияларды жүргізуге;
3.1.3. Клиенттің, сондай-ақ оның уәкілетті өкілінің талабы бойынша Клиенттің Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сай комиссиялық сыйақыларды төлегенде,  Шоттың үзінді көшірмелерінің (анықтамалардың) дубликаттарын беруге;
3.1.4. Клиенттің нұсқауын алған кезде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және мерзімде оны акцепттеуге не дәлелдей отырып, акцепттеуден бас тартуға;
3.1.5. Клиенттің акцептін талап ететін төлемдік талап-тапсырманы алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Клиентке акцепт үшін төлемдік талап-тапсырманы беруге;
3.1.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Клиентпен жасасқан шарттарда көзделген тәртіппен және кезекпен Шотқа қойылған нұсқауларды орындауға;
3.1.7. Клиенттің Шотында нұсқауды орындауға қажетті ақша қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, Банк үшінші тұлғалардан алынған инкассалық өкімдерді (салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімдерінен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиенттің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмаларды, Банктің Шотқа қойған нұсқауларын алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы оларды орындау үшін жеткілікті ақша қаражаты Шотқа түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті. Бұл кезде Банк жіберушінің нұсқауын картотекаға орналастырғаны туралы бенефициардың банкін хабардар етеді. Егер аталған мерзім өткенде қойылған нұсқаулар орындалмаған жағдайда, олар жіберушіге  орындалмастан қайтарылуы тиіс;
3.1.8. Клиентке оның сұратуы бойынша банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары жайлы ақпарат беруге;
3.1.9. Клиент (Өтініш беруші) Банкке соңғысы белгілеген нысан бойынша берген шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, кросс-операцияға арналған өтінім-міндеттемелерді (бұдан әрі – өтінім-міндеттемелер) өтінім-міндеттемеде аталған талаптармен орындауға;
3.1.10. Ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген банк құпиясын жария етпеу туралы талаптарды қамтамасыз етуге;
3.1.11. Егер Банкке уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның Клиенттің Шотындағы ақшаға тыйым салу немесе Клиенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның Клиенттің акцептелген нұсқауынан бұрын орындалуы тиіс Клиенттің Шотынан ақша алу туралы шешімі берілсе, Банк акцептелген нұсқауды орындауды тоқтата тұруға міндетті. Банк Типтік шарттардың осы тармағында аталған негіздер бойынша Клиенттің нұсқауының орындалуын тоқтата тұрумен байланысты шығындар үшін жауап бермейді.
3.1.12. Банктің уәкілетті органы Банк филиалын жабу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Клиентті филиалдың жабылуы және осыған байланысты Клиенттің шотының жеке сәйкестендіру кодының өзгеруі туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Клиенттің осы Шартта көрсетілген деректемелері бойынша хабардар етуге міндетті.
3.2. Клиент:
3.2.1. Қызмет көрсетілген сәттегі Банктің қолданыстағы Тарифтеріне (бұдан әрі – Банктің қолданыстағы Тарифтері) және Банкпен жасасқан шартқа сай Банк қызметіне ақы төлеуге;
3.2.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген төлемдерді/аударымдарды жүргізу және төлем құжаттарын ресімдеу, валюталық операцияларды жүргізу ережелерін сақтауға;
3.2.3. Бескүндік мерзімде өзінің пошталық мекенжайының, телефон нөмірлерінің өзгеруі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің өзгеруі туралы, жеке куәлігін ауыстыруы, Банкке берілген басқа да деректердің өзгеруі туралы Банкке тиісті түрде куәландырылған растайтын құжаттарды беріп, жазбаша хабарлауға міндеттенеді. Банк Клиенттің Шотты ашуға және жүргізуге бұрын берген құжаттарын қайтармайды;
3.2.4. Хабарламада өзінің төлем тапсырмасының деректемелерін және анықталған қате деректемелерді көрсетіп, Шоттың үзінді көшірмесін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нұсқаулардың рұқсатсыз орындалуы туралы, Шот бойынша қателесіп жасалған операциялар (соның ішінде орындалған төлем тапсырмалары) туралы Банкті жазбаша хабардар етуге; 
3.2.5. Үшінші тұлғалардың Шотқа қойған, Клиенттің акцептін талап ететін төлемдік талап-тапсырманы  акцепттеуге немесе Клиенттің нұсқауды алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны акцепттеуден негізді түрде бас тартуға және оны Банкке қайтаруға;
3.2.6. Банктің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес талап ететін құжаттарын беруге міндеттенеді.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

4.1. Клиент:
4.1.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен және оның шегінде Шоттағы өз ақшасына өз бетінше билік етуге;
4.1.2. Өзінің сенімді тұлғасына (өкіліне) өзі қол қойған, куәландырған, тиісті түрде ресімделген сенімхаттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес басқа да құжаттардың негізінде Шотқа билік ету, Шоттың үзінді көшірмелерін (анықтамаларды) алу құқығын беруге құқылы.
4.2. Банк:
4.2.1. Мына жағдайларда Клиенттің Шоты бойынша операцияларды жүргізуден (нұсқауларды акцепттеуден) бас тартуға құқылы:
4.2.1.1. Клиент Шотта нұсқауды орындауға қажетті ақша қаражатын қамтамасыз етпегенде;
4.2.1.2. Банкке төлем және өзге де құжаттарды Банк талап ететін және/немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, соның ішінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысандарда бермегенде;
4.2.1.3. Егер төлем құжаттарында Банктің атауы, БСК (банктік сәйкестендіру коды), Клиенттің атауы, жеке сәйкестендіру  коды, Клиент-салық төлеушінің тіркеу нөмірі, басқа да деректемелері көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе немесе ақша қаражатының цифрмен және жазбаша жазылуында сәйкессіздіктер болса, не төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмесе;
4.2.1.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген валюталық операцияларды жүргізу, есеп айырысу ережелері бұзылғанда;
4.2.1.5. Клиент/Клиенттің сенім білдірілген тұлғасы сенім білдірілген тұлғаға тиісті түрде ресімделген сенімхатты, сондай-ақ Банктің ішкі талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да құжаттарды бермегенде;
4.2.1.6. Төлем құжаттарының қолдан жасалу белгілері болғанда, төлем құжаттарында түзетулер, қолмен жөнделген жерлер, қырып тазартылған жерлер, сызылған жерлер болғанда;
4.2.1.7. Соған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Клиенттің Шотындағы ақшаға тыйым салғанда, Шот бойынша операцияларды тоқтата тұрғанда;
4.2.1.8. Шотқа қойылған орындалмаған талаптар бар болғанда;
4.2.1.9. Клиент Типтік шарттардың 3.2.5-тармағын бұзғанда;
4.2.1.10. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен және нысанда бермегенде;
4.2.1.11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа жағдайларда;
4.2.2. Клиенттің Шотынан акцептсіз тәртіппен ақша қаражатын:
4.2.2.1. Қарыз алушының банк қарызы бойынша мерзімі өткізілген берешегі болған жағдайда, жасалған банк қарызы шартына, несие желісін ашу туралы келісімге және қарыз операциясын не кепілдік берілу фактісін растайтын басқа құжатқа сәйкес Клиенттің оның банк шотынан ақшаны акцептсіз тәртіппен алуға келісімі бар құжаттарды төлемдік талап-тапсырмаға қоса тіркеген кезде, Клиенттің қарыз алушы, кепілгер ретінде берешегін өндіріп алу үшін үшінші тұлғалардың төлемдік талап-тапсырмалары бойынша;
4.2.2.2. Клиенттің пайдасына ақша қателесіп алынған (есепке алынған) фактісі анықталғанда. Бұл кезде Банк Клиентті алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей кейіннен хабардар етіп, Клиенттің тиісті тапсырмасынсыз қателесіп алынған/есепке алынған ақшаны мына тәртіппен акцептсіз алады:
- жіберушінің төлем тапсырмасындағы деректемелерге сәйкес келмейтін деректемелері бар қате төлем тапсырмасы бойынша тиісті бенефициардың пайдасына төлем тапсырмасын жолдайды немесе жіберушіге төлемнің барлық қаражатын қайтарып береді;
- қайта берілген қате төлем тапсырмасы бойынша жіберушіге қате алынған қаражатты қайтарып береді. Бенефициардың банкі қаражатты тапсырма жасап қайтарып береді, оның «төлем мақсатында» бенефициардың банкі ақшаның қайтарылу себептерін көрсетеді;
4.2.2.3. Төлем құжаттарының қолдан жасалу белгілері, сондай-ақ басқа да кез келген төлемдердің санкцияланбау фактісі болған кезде;
4.2.2.4. Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес Шартқа  (соның ішінде оның ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттарға) сай Банктің қызметіне ақы, сондай-ақ Банк пен Клиент арасында жасалған басқа да шарттардың талаптарына сай кез келген берешекті (соның ішінде тұрақсыздық айыбын) төлеу үшін Банктің төлем құжаттары бойынша;
4.2.2.5. Клиент Банкке берген тиісті өтінім-міндеттемелерге сай Клиенттердің тапсырмалары бойынша шетел валютасын сатып алу, сату үшін, кросс-операцияларды жүргізу үшін;
4.2.2.6. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және/немесе Клиентпен жасалған шарттарда көзделген басқа жағдайларда; 
4.2.3. Шотқа орындалмаған талаптар болған кезде, Шотты жабудан және басқа банктерге ақша аударудан бас тартуға;
4.2.4. Клиенттің келісімінсіз соңғысын Банктің жаңа Тарифтері енгізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе банктің операциялық залында тиісті хабарландыруды ілу арқылы хабардар етіп, банк қызметін көрсетуге арналған қолданыстағы Тарифтеріне біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге;
4.2.5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес Клиенттен мыналарды қоса, бірақ олармен шектелмей, заңсыз жолмен алынған кірістерін заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Шот бойынша жүргізілетін банк операцияларына қатысты кез келген ақпарат пен құжаттарды талап етуге; 
4.2.6. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында аталған жағдайларда Шот бойынша операцияларды және төлемдік нұсқауларды орындауды тоқтата тұруға;
4.2.7. Клиентке Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жазбаша хабарламаны мұндай өзгерістер енгізілген күннен бастап 10 (он) банк күні ішінде жіберіп, Шоттың жеке сәйкестендіру кодын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

5. БАНК ПЕН КЛИЕНТТІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  МЕН ШАРТТАРЫ

5.1. Нұсқауды қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімдерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының төлем құжаттарын ресімдеуге көзделген талаптарына сәйкес Клиенттің немесе уәкілетті тұлғалардың қолтаңбалары болуы тиіс.
5.2. Әрбір күнтізбелік жылдың басынан бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы Шоттағы ақша қалдығы бойынша Клиенттің жазбаша шағымдары болмаған жағдайда, бұл қалдықты Клиент растаған болып саналады.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

6.1. Шартқа (Типтік шарттарға) және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Клиенттің Шоты бойынша операциялардың дұрыс және уақтылы жасалмағаны үшін Банк жауап береді.
6.2. Банк электр энергиясының өшірілуі, байланыс желілерінің зақымдануы нәтижесінде туындаған төлемдердің орындалмағаны немесе кешіктірілгені үшін, сондай-ақ Клиенттің анық емес, толық емес немесе нақты емес нұсқауларының, үшінші тұлғалардың төлемдерді орындамауының немесе кешіктіріп орындауының салдарынан туындайтын қателер, бұрыс талқылау және т.б. үшін, Клиенттің Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін және Банкке қатысы жоқ басқа да себептер бойынша жауап бермейді.
6.3. Банк жасанды нұсқауларды орындауы салдарынан, Банктің кінәсі дәлелденбеген кезде, қолтаңбаның заңдылығы жеткіліксіз болуының нәтижесінде келтірілген шығындар үшін жауап бермейді. 
6.4. Типтік шарттардың 3.2.3-тармағын бұзғаны үшін Клиенттің олардың өзгеруі туралы Банкті хабардар етпеуі себепті Банкте дұрыс мәліметтердің болмауынан Банкке үшінші тұлғалардың төлем құжаттарын рұқсатсыз орындауымен не орындамауымен байланысты Банкте туындаған нақты шығындарды өтейді.
6.5. Типтік шарттардың 3.2.4-тармағына сәйкес Банкті хабардар етпегені үшін, Клиент Банкке оны хабардар етпеген әрбір күн үшін дұрыс есепке алынбай қалған соманың 0,5 % мөлшерінде өсімпұл төлейді, сондай-ақ Банкке рұқсатсыз/қате нұсқауды орындаумен байланысты Банкте пайда болған нақты шығындарды Клиент өтейді.
6.6. Банктің пайдасына Банктің Шартқа сай көрсететін қызметінің ақысын төлеуге ақшаны алу мүмкін болмаған жағдайда, соның ішінде кез келген себеппен мұндай нұсқау (өкім) берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банктің нұсқауы (өкімі) бойынша төленбеген немесе Клиент Шарт бойынша кез келген қаражатты (соның ішінде тұрақсыздық айыбын) төлеуді кешіктірген жағдайда, Клиент мерзімі өткен әр күн үшін берешек сомасының 0,5 % мөлшерінде Банкке өсімпұл төлейді.
6.7. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер оларды орындауға соғыс, соғыс қимылдары, террористік актілер, табиғи апаттар, ереуіл, электр энергиясының өшірілуі, байланыс желілерінің зақымдануы және Тараптардың еркінен тыс басқа да жағдайлар сияқты еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары, сондай-ақ уәкілетті органдардың Тараптарға Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауы кедергі келтірсе, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
6.8. Типтік шарттардың 6.7-тармағына сай еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап олар басталған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей бұл туралы басқа Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) берген растайтын құжатын беруге міндетті, бұл кезде Тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары әрекет еткен мерзімге тең ұзартылады.

7. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТАЛАПТАРЫ

7.1. Осы Типтік шарттар, мұндай шарт тек шарттың мәтінінде тікелей көзделген және үшінші тұлғалардың қарым-қатынасына қолданылмаған жағдайда ғана Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынасқа қолданылады.
7.2. Мына негіздер бойынша Банк Клиенттің Шотын жабуға құқылы:
7.2.1. Шотта ақша 1 (бір) жылдан астам болмағанда. Бұл кезде Банк Клиентке Шотты жабу туралы хабарлама жібермейді;
7.2.2. Клиенттің Шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмағанда. Бұл кезде Банк Клиентті Шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабардар еткен күннен бастап үш ай өткенде оның жабылатыны туралы хабардар етеді. Егер хабардар еткен күннен бастап үш айдың ішінде Клиент Шот бойынша операцияларды жаңартпаса, Банк Шартты біржақты тәртіппен бұзады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақша қалдығын нотариустың депозитіне аударып, Шотты жабады;  
7.2.3. Банктің немесе үшінші тұлғалардың орындалмаған талаптары болмаған кезде, Клиенттің Шотты жабу (Шартты бұзу) туралы Клиенттің қолы қойылған жазбаша өтініші болғанда;
7.2.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша.
7.3. Осы Типтік шарттардың 7.2-тармағында аталған негіздер бойынша Клиенттің Шотын жапқан кезде, Шарттың қолданылуы тоқтатылады.
7.4. Шарт Тараптар қол қойған Тараптардың келісімімен өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында Тараптар арасындағы құқықтық қатынастарды қамтитын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, Шарттың (Типтік шарттардың) ережелері сәйкесінше өзгертілген немесе толықтырылған болып есептеледі.
7.5. Тараптар Шарт бойынша дауларды келіссөздер арқылы реттей алмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Банктің орналасқан орны бойынша сотта қаралады.





КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер